RU

Назарбаев Сербияда жыр алыбы Жамбылға қойылған ескерткішті ашты (фото)

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл Жабаев ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Салтанатты рәсім барысында Қазақстан мен Сербия басшылары Жамбыл Жабаевтың бюстіне гүл шоқтарын қойды.

Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға арнаған сөзінде қазақтың ұлы ақынының туғанына 170 жыл толған тұста Белград қаласында оның ескерткішінің ашылуы маңызды оқиға екенін атап өтті.

– Бүгінгі іс-шара қазақ ақындары мен жазушыларының туындылары серб тіліне және керісінше серб қаламгерлерінің шығармалары қазақ тіліне аударылуына ықпалын тигізсе деймін. Осылайша, біз халқымызды және жастарымызды жақындастыра түсеміз, – деді Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысы алдағы уақытта Сербияның Қазақстандағы мәдени күндерін және Белградта еліміздің мәдени күндерін өткізуді ұсынды.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев бұдан кейін Қазақстан мен Сербия арасындағы мәдени және гуманитарлық байланысты нығайту қадамдары жалғасын табатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ, іс-шара барысында Сербия президенті Т.Николич пен Белград қаласының мэрі С.Мали сөз сөйледі.

 

Тағы да оқыңыздар: 

Еркінен тыс алып қашқан қыз басына орамал таққызбай жанұшырды (видео)

Бердібек Сапарбаев өзін күтіп тұрған "Джипке" мінбей, шаң басқан көлікпен ауыл аралады

Жұлдызды әкелер мен олардың үлгілі ұлдары

Олимпиада чемпиондары неліктен медалін тістеп суретке түседі? (фото)

Мырзағали Айтжанов: Өзбек боксшысына Баркер кубогын бергенде бүкіл әлем күлді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1232461-nazarbaev-serbiyada-zhyr-alyby-zhambylgh.html