RU

Головкин бірден төрт боксшыны жекпе-жекке шақырды

WBA/IBF/WBC/IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 4 боксшыны жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды BNews.kz.

«Менімен жекпе-жек өткізгісі келетіндердің сөзі көбейіп кетті. Канело, Юбэнк, Сондерс, Фроч – спортқа құрметті қойып, өздерін сайқымазақ қылып көрсетуде. Мен мұндамын. Менімен келісімшартқа қол қойыңдар да жұдырықтасыңдар. Кез келгенің. Кім екенің маңызды емес», - деді Головкин Fightnews.com журналистеріне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Геннадий Головкиннің жекпе-жегі 10 қыркүйек күні Лондондағы О2 аренасында өтеді. Оның қарсыласы – IBF тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы, британиялық Келл Брук (36-0, 25 КО).

Қос қарсылас арасындағы жекпе-жекті «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары көрсетеді.

Тағы да оқыңыздар: 

"Жаралы сезім" фильміндегі Қанат пен Арай қосылды ма?

Еркінен тыс алып қашқан қыз басына орамал таққызбай жанұшырды (видео)

Бердібек Сапарбаев өзін күтіп тұрған "Джипке" мінбей, шаң басқан көлікпен ауыл аралады

Жұлдызды әкелер мен олардың үлгілі ұлдары

Олимпиада чемпиондары неліктен медалін тістеп суретке түседі? (фото)

Мырзағали Айтжанов: Өзбек боксшысына Баркер кубогын бергенде бүкіл әлем күлді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1232469-golovkin-birden-tort-boksshyny-zhekpe-zh.html