RU

Есікте қыз зорлаған төртінші күдіктіні туыстары үйіне жасырып келген

Алматы облысында Жібек Мусинованы зорлады деген күдікпен төртінші азамат ұсталды. 1992 жылы туылған Нұрбол есімді жас жігіт осы күнге дейін туыстарының үйінде жасырынып келген екен.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Оған адам ұрлау, қыз зорлау, бұзақылық және күш қолдану секілді төрт бап бойынша айып тағылып отыр. Сондықтан сезікті қалған үш сыбайласымен бірге Есік қаласындағы аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша тергеу абақтысында отыр.

Бұдан бөлек полицейлер Мария және Юлия есімді екі азаматшаны іздестіруде. Олар бұл іске куәгер ретінде тартылмақ.

Естеріңізге салсақ, Есік қаласында осыдан он күн бұрын төрт жігіт мейрамханадан шыққан Жібек Мусинованы күштеп көлікке мінгізіп, Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөлімінің маңында жабылып зорлаған болатын.

Сол сәтте-ақ қорланған қыздың ағалары екі күдіктіні ұстап, тәртіп сақшыларына тапсырған екен. Алайда полицейлер оларды босатып жіберген. Сондықтан отыз жастағы жәбірленушінің анасы бейнеүндеу жариялап, қызына қастық қылғандардың қатаң жазалануын талап еткен еді.

Бұл бейнежазба желілерде қызу талқыланып, тек содан кейін ғана сақшылар күдіктілерді ұстай бастады.

Тағы да оқыңыздар: 

"Жаралы сезім" фильміндегі Қанат пен Арай қосылды ма?

Еркінен тыс алып қашқан қыз басына орамал таққызбай жанұшырды (видео)

Бердібек Сапарбаев өзін күтіп тұрған "Джипке" мінбей, шаң басқан көлікпен ауыл аралады

Жұлдызды әкелер мен олардың үлгілі ұлдары

Олимпиада чемпиондары неліктен медалін тістеп суретке түседі? (фото)

Мырзағали Айтжанов: Өзбек боксшысына Баркер кубогын бергенде бүкіл әлем күлді

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1232503-esikte-qyz-zorlaghan-tortinshi-kudikti.html