RU

Оралда 19 жастағы бойжеткенді қағып өлтірген полицей емін-еркін бостандықта жүр

Оралда бойжеткенді көлігімен қағып өлтірген қалалық ІІБ Абай полиция бөлімінің капитаны түрмеде отырудың орнына бостандықта емін-еркін жүр.Марқұмның анасы Артур Серіковтің көлік айдап бара жатқанын өз көзімен көрген, деп хабарлайды BNews.kz.

«19 жастағы қызымды былтыр 28 наурызда қағып кетті. Капитан Артур Серіков қоныс-колониясында жазасын өтеумен екі жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Жазасын Ақтөбеде өтеуі тиіс еді. Сондай-ақ полицейді үш жылға жүргізуші куәлігінен айырды. Алайда 19 тамыз күні біз, 16 жастағы қызым екеуміз, Артур Серіковтің «Шевроле-Круз» көлігін жүргізіп бара жатқанын көрдік. Қасында әйелі мен балалары отырды», - дейді Ажар Бисембаева.

Бауыр еті баласын мерт қылған қылмыскердің бостандықта жүргенін көрген Ажар Бисембаева бірден сот орындаушысы Кәмшат Дәулетоваға жүгінген.

«Ол базадан тексеріп, оның колонияда отырғанын мәлімдеді. Ал мен болсам, оны қалада көргенімді айттым. Сот орындаушысы мұның мүмкін еместігін хабарлады. Ол бостандыққа шыққанда, бізге хабар берілуі тиіс екен. Сот шешіміне сәйкес, Серіков материалдық және моральдық шығын төлеуге міндетті. Оны төлемегенше, үйіне қайтып орала алмайды. Сот орындаушысы колонияға ресми сауал жолдады. Ал бүгін біз Серіковті үйдің маңында, балаларымен бірге серуендеп жүргенін көрдік», - дейді қаза тапқан бойжеткеннің анасы.

Естеріңізге салып өтсек, «Фольксваген» көлігін тізгіндеген 36 жастағы Артур Серіков Лунара Бекжанды қағып өлтірді. Бойжеткен жұмысынан шығып, үйіне бара жатқан. Сарапшылардың қорытындысында көліктің сағатына 88 шақырым жылдамдықпен қозғалғаны көрсетілген.

Сот тәртіп сақшысын көз жұмған қыздың ата-анасына моралдық залал ретінде 1 млн теңге, ал материалдық шығын ретінде 132 мың теңге төлеуге міндеттеді.

Тағы да оқыңыздар: 

Топтасып зорлық жасағандарды өмір бойына бас бостандығынан айыру керек пе?

Есікте қыз зорлаған төртінші күдіктіні туыстары үйіне жасырып келген

"Жаралы сезім" фильміндегі Қанат пен Арай қосылды ма?

Еркінен тыс алып қашқан қыз басына орамал таққызбай жанұшырды (видео)

Бердібек Сапарбаев өзін күтіп тұрған "Джипке" мінбей, шаң басқан көлікпен ауыл аралады

"Астана" өз тарихында тұңғыш рет Еуропа Лигасының топтық кезеңіне өтті (видео)

Мырзағали Айтжанов: Өзбек боксшысына Баркер кубогын бергенде бүкіл әлем күлді

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1232584-oralda-19-zhastaghy-boyzhetkendi-qaghyp-olt.html