RU

Өзбекстан Қазақстанмен арадағы шекараны жауып тастады

Өзбекстан Республикасы Зангиота бағытындағы шекаралық өкілдігінен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2020 әскери бөлімінің азаматтарды өткізуге уақытша шектеу енгізілетіні жөнінде хат келіп түсті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Тараптардың Мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінен азаматтарды өткізу мәселелері бойынша өзара әрекеттестік аясында, 2016 жылдың 22 тамызынан 2016 жылдың 4 қыркүйегіне дейінгі аралықта өзбек-қазақ шекарасының автожолындағы өткізу бекетінен тұлғаларды өткізуге уақытша шектеу енгізілетінін хабарлаймыз», - делінген құжатта.

Дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдар қызметкерлеріне; ресми делегация құрамында жүрген тарап азаматтарына; отанына қайтып келе жатқан тарап азаматтарына; жеделхаттар мен шақыртулары (туыстарының ауыруына байланысты, өлім-жітім шараларына қатысуға) және екінші тараптың әуежайынан ұшу үшін авиабилеттері бар азаматтарға; бір мемлекеттің аумағында орналасқан екінші мемлекеттің объектілерінде қызмет істейтін азаматтарға; халықаралық автокөліктік жүк тасымалын жүзеге асыратын тарап азаматтарының жүргізушілеріне шектеу болмайтынын хабарлады ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыздар: 

Топтасып зорлық жасағандарды өмір бойына бас бостандығынан айыру керек пе?

Оралда 19 жастағы бойжеткенді қағып өлтірген полицей емін-еркін бостандықта жүр

Есікте қыз зорлаған төртінші күдіктіні туыстары үйіне жасырып келген

Еркінен тыс алып қашқан қыз басына орамал таққызбай жанұшырды (видео)

Бердібек Сапарбаев өзін күтіп тұрған "Джипке" мінбей, шаң басқан көлікпен ауыл аралады

Мырзағали Айтжанов: Өзбек боксшысына Баркер кубогын бергенде бүкіл әлем күлді

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1232603-ozbekstan-qazaqstanmen-aradaghy-sheka.html