RU

Қызылордада той қонақтарын тұшпара қосылған бешбармақ таңырқатты (фото)

Қызылордада той қонақтарына оғаш тағам ұсынылды. Бұл туралы Facebook қолданушысы Бағдат Қожахметов желі парақшасында мәлімдеп, фотосымен бөліскен.

31 арнаның бас директоры Қожахметов қызының тойына барғанында ондағы ұсынылған тамақты көріп, аң-таң болған. Себепті, қамырмен берілетін үйреншікті бешбармақтың орнына дастарханға тұшпара салынған бешбармақ қойылған.

"Нанның орнына тұшпара салады екен ғой Сырдың елінде, таң қалдым", - деп жазады ол.

Оның бұл жазбасы желі қолданушылары арасында пікірталас тудырды.

"Қанша жыл Қызылордада ет жеп жүріп, мұндай етті бірінші көруім", "Той тойға ұлассын! Бірақ Үлкен асқа тұшпара салу - Сырға қатысы жоқ үрдіс. Сырда көптен бері тұрып жатқан, бірақ басқа жердің адамдары болар? Негізі бөлек түрлі тағамды кезек-кезек тарту бар Қызылордада, бірақ əр тағам өз жолымен", "Бұлай болмайды. Онсыз да көп етке, қамырға оралған етті тағы қосса не қалды?", "Екі түрлі ұлттық тағамды біріктіру дұрыс емес", "Үстіне палау мен борщ қосу керек еді", - деп жазған желі қолданушылары.

Тағы бірі мұндай ерекше тағам түрі Жаңақорғанның тойларында да әзірленетінін алға тартқан.

Тағы да оқыңыздар: 

ОҚО тұрғыны халал тойдан қалай мас болып келгенін баяндады

Топтасып зорлық жасағандарды өмір бойына бас бостандығынан айыру керек пе?

Оралда 19 жастағы бойжеткенді қағып өлтірген полицей емін-еркін бостандықта жүр

Есікте қыз зорлаған төртінші күдіктіні туыстары үйіне жасырып келген

Еркінен тыс алып қашқан қыз басына орамал таққызбай жанұшырды (видео)

Босниялық жұп өздерінің жерлеу рәсімінде ән айтып, би биледі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1232644-qyzylordada-toy-qonaqtaryn-tushpara-q.html