RU

Құлыбаев Назарбаевқа Риодан SMS жолдап отырған

Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Тимур Құлыбаев Риодан президентімізге қандай хабарламалар жібергенін айтып берді. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Тимур Құлыбаевтың айтуынша, қазақстандық спортшылардың допинг қолдануы мүмкін емес. Себебі, әр спортшымызды Риоға бармас бұрыс неміс мамандары тексеріп, қанынан ешқандай тыйым салынған заттар таппаған.

Ал Олимпиада жүлдегерлерінің өмірі бүгінде өзгеріп сала берген. Оларды еліміздің шенділері мен кәсіпкерлері қымбат сыйлықтармен қарсы алуда. Бірі пәтер мен көлік сыйласа, енді бірі ақшалай сыйлықтарын ұсынып жатыр.

Себебі, спортшылар бүкіл халыққа жеңісімен қуаныш сыйлады. Ал мұндай қуанышты хабарды Нұрсұлтан Назарбаевқа хабарламалар арқылы тікелей жеткізіп отырған.

"Алғашқы екі алтын медальды алғанымызда мен елбасына бұл жеңіс Қазақстан халқына және президентімізге бағышталатынын айтып, хабарлама жолдадым. Дмитрий Баландин секілді спортшыларымыздың шыққаны ерекше шаттық болды. Бір жыл бойы Баландинді дайындаған жаттықтырушысы Андрей Крюков оның алтын алуы мүмкін екенін айтқанда, бұған сене қоймап едім. Алайда Диманың арқасында бұл шындыққа айналды, рахмет саған", - деп ағынан жарылды Тимур Құлыбаев.

Тағы да оқыңыздар: 

ОҚО тұрғыны халал тойдан қалай мас болып келгенін баяндады

Топтасып зорлық жасағандарды өмір бойына бас бостандығынан айыру керек пе?

Оралда 19 жастағы бойжеткенді қағып өлтірген полицей емін-еркін бостандықта жүр

Есікте қыз зорлаған төртінші күдіктіні туыстары үйіне жасырып келген

Еркінен тыс алып қашқан қыз басына орамал таққызбай жанұшырды (видео)

Босниялық жұп өздерінің жерлеу рәсімінде ән айтып, би биледі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1232658-qulybaev-rioda-nazarbaevqa-sms-khabarlam.html