RU

Айсәуле Бақытбектің жаңа имиджі көпшілікке ұнамай қалды (фото)

Продюсер Баян Есентаеваның қызы Айсәуле Бақытбекке желі қолданушылары имиджін өзгертуге кеңес берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Продюсердің қызы Айсәуле - әлеуметтік желіні жиі қолданушылардың бірі. Оның Instagram желісіндегі парақшасы үнемі ел назарында. Күні кеше Айсәуле желіге итінің суретін салып, оның бұл қылығын қолданушылар сынап тастаған болатын. Енді, міне, Айсәулеге қолданушылар оның киім киісіне қатысты түрлі пікірлерін жаудырды.

Айсәуле желіге сыныптасының үйлену тойында түскен суреттерін жүктеді. Өз сыныптастарымен суретке түскен қыздың киімі желі қолданушыларға жақпай қалды. Қолданушылардың дені бұл киімнің Айсәулеге жараспай тұрғанын айтқан. Тіпті кей оқырмандар оған имиджін өзгертуге кеңес берді.

«Айсәуле, өтініш, имиджіңді өзгертші, мына киінгенің өзіңе жараспайды», «Имидж өзгерту керек дегені дұрыс та шығар? Қалай айтсақ та сіз де мүмкіндік көп қой өзгертуге», «Шынымен аяқ-киімі қызық», - деді қолданушылар.

Тағы да оқыңыздар: 

Еркінен тыс алып қашқан қыз басына орамал таққызбай жанұшырды (видео)

Бердібек Сапарбаев өзін күтіп тұрған "Джипке" мінбей, шаң басқан көлікпен ауыл аралады

Левит: Тищенко маған алтын медалін шешіп берсе де алмас едім

Жұлдызды әкелер мен олардың үлгілі ұлдары

Олимпиада чемпиондары неліктен медалін тістеп суретке түседі? (фото)

Мырзағали Айтжанов: Өзбек боксшысына Баркер кубогын бергенде бүкіл әлем күлді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1232660-bayan-esentaevanynh-qyzy-aysauleninh-im.html