RU

Ақтауда алты жасар қызды зорлаған күдіктіні тапқан адамға 1 млн теңге сыйақы берілмек

Ақтаулық кәсіпкер алты жасар қызды зорлаған қылмыскердің ұсталуына көмек көрсетпек. Ол зорлаушы туралы ақпарат үшін миллион теңге төлеуге әзір. Бұл туралы "Ладаға" сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Ecooperating компаниясы алты жасар қызды зорлаушының қай жерде жасырынғаны туралы ақпарат бергендерге миллион  теңге төлеуге әзір. Олар қылмыскердің ұсталатынынан үмітті.

"Оның қай жерде екенін айтқан адамға мен өз қалтамнан миллион теңге төлеуге әзірмін. Мен оны беруден аянбаймын, тек көмектессе болғаны. Себебі, қылмыскер ұсталуы тиіс. Біз қыздарымызды қорқып жүруі үшін емес, бақытты болуы үшін өсіреміз. Бүлдіршіннің мұндай жайтқа тап болғаны көпшілікке ауыр тиды. Енді оны бақытты ету оңайға соқпайды. Ал жаманшылық өз жазасын алуы тиіс", - дейді кәсіпкер.

Қылмыскер туралы қандай да бір ақпарат бере алатындар келесі нөмірлерге хабарласа алады: 47-48-10, 47-48-11, 47-48-52, 47-48-29, 47-48-26, 47-48-02 немесе 102.

Еске салсақ, қайғылы жайт 20 тамыз күні болған. Алты жасар қыз әжесімен бірге Ақтаудағы "Иваныч" дүкеніне келген. Әжесі қайта-қайта далаға шығамын деп мазалаған немересін әкесіне айтып, алып кетуді өтінген.

Алайда, ұшты-күйлі жоқ болып кеткен алты жасар қыз әкесінің қасынан да табылмады. Өздері біршама іздеп, нәтиже болмаған соң қыздың ата-анасы полицияға хабар береді.

Полицейлер қансырап, есінен танып жатқан қызды жағажайдан табады. Оны дереу балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізген. Күдіктінің фотороботы жасалды.

Айта кетерлігі, Ақтау тұрғыны алты жасар қызды зорлаған адамды тауып берген жанға 100 мың теңге беретіні бұған дейін хабарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1232711-alty-zhasar-qyzdy-zorlaushy-turaly-aqpa.html