RU

Мысырлық әйел қызын асырау үшін 43 жыл бойы еркек кейпінде жүрген (фото)

Сиса Әбу Даух есімді әйел еңбек етіп, отбасын асырау үшін 43 жыл бойы ер адамның кейпінде жүрген деп хабарлайды шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Күйеуі қайтыс болған соң бір қызымен қалған Сиса отбасын асырау үшін үлкен ерлікке барды. Ол тұратын жерде әйелдердің жұмыс істеуіне тыйым салынған болатын. Сол себепті, әйел ер адамның кейпіне еніп, еркектерше жұмыс істеген.

Құрылыс алаңдарында өзінің әйел екенін аңғартпау үшін Сиса Әбу Даух цемент тасып, кірпіш көтеруден бас тартпаған. Алайда, оның нәзік жанды екенінен сезіктенгендер болды. Бірақ отбасын аш қалдырмауды ойлаған ол қара жұмысқа салынып, барынша байқатпауға тырысқан.

Тұрмыста болған кезінде де Сиса ауырып қалған күйеуін жоқтатпай, теміржол вокзалында аяқ киім тазалаушы болып еңбек еткен. Сисаның айтуынша, ол баласы мен немерелерін асырау үшін қандай жұмысқа да дайын. Тек, ол қайыр сұрап ақша тапқанды жек көреді екен.

Бүгінде Мысыр билігі Сиса Әбу Даухқа "Ең үздік ана" атағын берді.

Тағы да оқыңыздар: 

ОҚО тұрғыны халал тойдан қалай мас болып келгенін баяндады

Топтасып зорлық жасағандарды өмір бойына бас бостандығынан айыру керек пе?

Оралда 19 жастағы бойжеткенді қағып өлтірген полицей емін-еркін бостандықта жүр

Есікте қыз зорлаған төртінші күдіктіні туыстары үйіне жасырып келген

Еркінен тыс алып қашқан қыз басына орамал таққызбай жанұшырды (видео)

Босниялық жұп өздерінің жерлеу рәсімінде ән айтып, би биледі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1232794-mysyrlyq-ayel-otbasyn-asyrau-ushin-43-zhyl.html