RU

Шымкентте күйеуі тастап кеткен әйел бес баласымен көшеде қалды (фото, видео)

Тұрақты жұмыстың жоқтығы, бір отбасын тоқтықтан, балаларын оқудан қағып отыр. Шымкентте бес балалы ана көшеде қалды деп хабарлайды Отырар арнасы.

Жалға алған пәтер ақысын төлей алмай, далада жүр. Оған төрт бірдей баласының мектепке бара алмайтынын тағы қосыңыз. Өйткені балғындарға мектеп формасы мен қажетті құрал-жабдықтарын әперуге қаржысы жоқ. Жоқтықтың тауқыметін тартқан жас ана көпшіліктен көмек сұрайды.

Гүлжаһан Байзақованың 5 баласы бар. 29 жастағы ананы күйеуі тастап кеткен. Балаларын баға алмайтынын ашық айтыпты. Ал ана жүрегі құрсағын жарып шыққан баласын далада қалдыра алмайды. Тіршілік жасап, қалайда бағуға бел байлаған. Бірақ, тұрақты мекенжайы мен жұмыстың жоғы арманына жетер жолды алыстатып тастапты. Бұл жолы пәтерақысын төлей алмай, далада қалды.

«Ең басты мәселем — баспана.Үйім болса басқасын өзім істеймін. Қара жұмыс болса да еңбек етуге дайынмын. Осы күнге дейін балаларымды аш-жалаңаш қалдырған емеспін. Қолымнан келгенше қара кешке дейін базарда тамақ тасып, күнімді көріп келемін. Бірақ, дәл қазір барар жерім жоқ. Бес баламен мені кім кіргізеді үйіне? Қайда барамын…», - дейді Гүлжаһан Байзақова.

Осылайша шарасыз күйге түскен жалғызбасты ананың етегі жасқа толы. Ең ауыр тиетіні — мектеп жасындағы балаларының білімсіз қалатыны. Өйткені, оларды мектепке дайындауға шамасы жоқ. Күнде жалданып жасайтын жұмысына небәрі 1200 теңге төленеді. Онысы ішіп-жеуден артылмайды. Балаларының ішкері асы, киерге киімі қалмаған соң, намысты жиып тастап, көпшіліктен көмек сұрауға бел байлапты.

«Пәтерден пәтерге ауысып жүргеніме бірнеше жыл болды. Тұрақты мекенжайым болмаған соң балаларымды қай мектепке орналастыратынымды да білмеймін. Мектепке баратындай не киіміміз, не оқу құралдары жоқ. Ертең сабақ басталса, бұларға не айтамын, білмеймін…», - дейді жалғызбасты ана.

Жалғызбасты ана мүшкіл жағдайын айтып, әкімшілікке де барған. Ондағы мамандар бір-біріне сілтеп, мүлдем тыңдағысы келмеді дейді. Осы уақытқа дейін бес баласына жәрдемақы да алмапты. Енді үй-жайы жоқ жалғызбасты көп балалы ана қайда барарын білмей дал.

Қайырымды жандар табылып жатса, 8775 3938407  нөміріне хабарласуын сұранамыз. Шоты: Халық банк. 166016893000001386. Байзақова Гүлжаxан.

Тағы да оқыңыздар: 

ОҚО тұрғыны халал тойдан қалай мас болып келгенін баяндады

Топтасып зорлық жасағандарды өмір бойына бас бостандығынан айыру керек пе?

Оралда 19 жастағы бойжеткенді қағып өлтірген полицей емін-еркін бостандықта жүр

Есікте қыз зорлаған төртінші күдіктіні туыстары үйіне жасырып келген

Еркінен тыс алып қашқан қыз басына орамал таққызбай жанұшырды (видео)

Босниялық жұп өздерінің жерлеу рәсімінде ән айтып, би биледі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1232904-shymkentte-kuyeui-tastap-ketken-ayel-b.html