RU

Олимпиада алтынына қолы жетпеген Ниязымбетов бокспен қоштасуы мүмкін

Бокстан Лондон және Рио Олимпиадаларының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов бокспен қоштаспақшы.

Бұл туралы ол Newtimes.kz агенттігіне берген  сұхбатында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

"Әрине, екі бірдей Олимпиададан күміспен оралу да оңай емес. Бірақ менің алтын алғым келген. Ел үмітін ақтап, өз мақсатыма жете алмадым. Шынымды айтсам, екінші Олимпиадам өзіме ауыр болды", - деді Ниязымбетов.

Боксшының айтуынша, ол Риода жарақатпен өнер көрсеткен. Спорттық мансабын аяқтауға жарақаты да себепкер болуы мүмкін.

"Әзірге нақты ештеңе айта алмаймын. Бапкерлеріммен ақылдасуым керек. Мүмкін, бокстан кететін шығармын. Демалып, өз-өзіме келсем деймін. Себебі, адамға ең бірінші керегі - денсаулық", - дейді Ниязымбетов.

Еске сала кетейік, жақында Ниязымбетов Олимпиада аяқталған соң үйленетінін айтып, сүйінші сұраған. Риода екінші мәрте күміс жүлдегер атанған ол марапаттау рәсімінде көз жасын тоқтата алған жоқ.

Тағы да оқыңыздар: 

Шымкентте күйеуі тастап кеткен әйел бес баласымен көшеде қалды (фото, видео)

ОҚО тұрғыны халал тойдан қалай мас болып келгенін баяндады

Тәжікстанның ірі қаласында "Шымкент" деп аталатын көше ашылды (фото)

Тым қысқа киетін қыздарға ән арнаған қазақ жігіті жұлдызға айналды

Арабтар шашты қалыңдатып өсіру үшін бит сатып жатыр

Мысырлық әйел қызын асырау үшін 43 жыл бойы еркек кейпінде жүрген (фото)

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1232939-olimpiada-altynynan-ayyrylghan-adilb.html