RU

Қыз сыйлағаны үшін әйеліне алғыс білдірген алматылық таң қалдырды

Қазір жаңа туған нәрестесі мен жұбайын лимузинмен, түрлі алғыс сөздері жазылған жапсырмалар жапсырылған көлікпен шығарып алу сәнге айналған. Мәселен, Алматыдағы Бәсенов көшесінде орналасқан перзентхананың алдында тұрған мына Жигули маркалы көлігі елді таңқалдырмай қоймады деп хабарлайды NUR.KZ.

Қарапайым ғана көлікке әдемі етіп «Сүйінші халқым! Дүниеге тағы бір ару келді!», «Қызым үшін рахмет!» деп жазып қойған.

Оны түсіріп алған желі қолданушысы парақшасына былай деп жазған екен: «Біздің бүгін не көргенімізді қараңдар! Күні бойғыға жақсы көңіл-күй сыйлайды! Арман! Бұл әлемде нағыз жігіттер әлі қалыпты ғой», - деп жазды.

Жалпы, бүгінгі күні бұлай алғыс айту үрдісінен отандық жұлдыздар да қалыс қалып жатқан жоқ. Олар жұбайлары мен нәрестелерін қалай  және қандай салтанатпен шығарып алады? Соған назар салайық.

Мейрамбек Беспаев

Мейрамбек Беспаевтың ұлы дүниеге келгенде бүкіл халық шулады. Енді ше, жалғыз қана қызы бар әншінің ұлды болуына бүкіл ел болып тілектестік білдірді. Халықтың бұл тілегі орындалып, Мейрамбектің жары дүниеге атұстар азамат алып келді. Мейрамбектің ұлын шығарып алуға отызға жуық достары мен туыстарынан құралған бір топ адам келіп. Мейрамбек ұлын ақ джиппен шығарып алды.

Тоқтар Серіков

Белгілі әнші Тоқтар Серіков те бұдан бір жыл бұрын егіз ұлдың әкесі атанды. Егіздер мен жұбайы Бейбітті ол қос лимузинмен шығарып алды.

Мақсат Базарбаев

«МузАрт» тобының бұрынғы мүшесі Мақсат Базарбаевтың жұбайы мен нәрестесін шығарып алуға дос-жарандары жиналып, олар тіпті перзентхана алдында тегін концерт қойып берді. Мақсат Базарбаевтың жаладған арнайы лимузиндерін көрмесек те, құшақ-құшақ гүлдер мен шарлардан көз ашылмады.

Сәкен Майғазиев

Үшінші рет әке атанған Сәкен майғазиевтің қызын перзентханадан шығаруы да үлкен салтанатпен өтті.  Өмірге жаңа келген қызын әнші әппақ лимузинмен шығарып алды.

Ердос Қанаев

Жігіттер тобының мүшесі Ердостың жұбайын перзентхананың сыртында оркестрдің нақ өзі күтіп тұрған еді. Тек сузыка ғана емес, қуанғандарынан билей жөнелген дос-жарандар да табылды. Ерджос өнердегі әріптестерінен қалмай жас баласын  лимизунге отырғызып алып кетті.

Олжас Сыдықбек

Пародист, белгілі әзілкеш Олжас Сыдықбек жұбайы Арай үшін уаымдағаны соншалық, ол тіпті оның босануына да қатысқан. Нақтырақ айтсақ, перзентхана дәлізінде «сүйінші» хабарды күтіп отырған. Қатты толқып, әйелінің қадірін перзентханада отырып түсінген Олжас Арайға «Ұлым үшін рахмет!» деп жазылған Hummer-мен шығарып алды.

Әрине, жұлдыздардың қуанышы – ел қуанышы. Оларға жаңа туған сәбилерін немен шығарып алса да жарасады. Ал жұбайын қуанту үшін Жигули маркалы машинасын безендіруге барған азаматқа алғыс айтып қойған жөн!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1233018-qyz-syylaghany-ushin-ayeline-alghys-bild.html