RU

Алматылық полицейлердің жол ережесін өрескел бұзғаны видеоға түсіп қалды (видео)

Әлеуметтік желілерде алматылық полиция қызметкерлерінің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғандығы туралы бейне көрініс жарияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл оқиға шамамен 2016 жылдың 25 тамызында Мұқанов көшесінің бойында (Жамбыл мен Шевченко көшелерінің аралығы) болған.

Жол полициясының патрульдік автокөлігі алматылық жүргізушілердің бірінің бейнетіркегішіне түсіп қалған.

Бейнебаянның астына: «Полиция қарсы жолақта жылтылдайтын шамдарын жақпай өтіп бара жатыр. 2016 жылдың 25 тамызы. Борттық нөмірі - 124, мемлекеттік нөмірі - 578 КР 02 полиция машинасының жүргізушісі көлік жүргізу құқынан айрыла ма? Полиция машинасы Мұқанов көшесі бойымен оңтүстік бағытта Жамбыл мен Шевченко көшелерінің аралығында кетіп бара жатты», - деп жазылған.

Алматы қалалық Ішкі істер департаментіндегілер бейнетаспаның жергілікті полиция қызметіне тапсырылғандығын хабарлады.

Тағы оқыңыздар:

Көкшетаулық қонақүйді «жарамын» деп бүкіл қаланы аяғынан тік тұрғызды

Олимпиада алтынына қолы жетпеген Ниязымбетов бокспен қоштасуы мүмкін

Көлік тұрған жерге жол төсемей кеткен шымкенттіктер елді күлкіге қарық қылды (фото)

Шетелдік блогер жымиып күлген қазақ бүлдіршінін әлемдегі ең бақытты бала деп атады (фото)

Шымкентте күйеуі тастап кеткен әйел бес баласымен көшеде қалды (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1233163-almatylyq-policeylerdinh-zhol-erezhesi.html