RU

Бал айын "Ислам мемлекетінің" құрамында өткізгісі келген жас жұбайлар сотталып кетті

Үйлену тойларын өткізіп, бал айына аттанбақ болған америкалық жас отбасы жазаға тартылып, бас бостандықтарынан айырылып отыр деп хабарлайды Muslim.kz.

Нақтырақ айтсақ, Миссисипи штатында тұратын Мохаммед Дахлалла Янгке 8 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылса, оның жұбайы Джелинге 12 жыл кескен.

2015-жылы жас жұбайлар үйлену тойларын жасап, бал айларын ИШИМ сапында өткізуге асыққан. Тәртіп сақшылары оларды Ыстамбұл қаласына ұшқалы тұрған жерлерінен тоқтатқан. Жас жұбайлар өздерінің бұл сапарын бал айымен байланыстырып ақталмақ болған.

Алайда, сот барысында Мохаммед ұзақ уақыт бойы лаңкестерге қаржылай көмек көрсетіп келгенін мойындаған. Белгілі болғандай, бай айын ИШИМ сапында өткізу туралы бастаманы оның жұбайы көтерген көрінеді. Сол себепті де болар, сот оны 12 жылға бас бостандығынан айырып отыр.

Тағы оқыңыздар:

Көкшетаулық қонақүйді «жарамын» деп бүкіл қаланы аяғынан тік тұрғызды

Олимпиада алтынына қолы жетпеген Ниязымбетов бокспен қоштасуы мүмкін

Көлік тұрған жерге жол төсемей кеткен шымкенттіктер елді күлкіге қарық қылды (фото)

Шетелдік блогер жымиып күлген қазақ бүлдіршінін әлемдегі ең бақытты бала деп атады (фото)

Шымкентте күйеуі тастап кеткен әйел бес баласымен көшеде қалды (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1233182-bal-ayyn-islam-memleketininh-quramynd.html