RU

Назарбаев: Ольга Рыпакованың «қола» медалі де «алтынға» татиды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Рио Олимпиадасында Ольга Рыпакованың «қола» медалін «алтын» жүлде деп бағалады.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Жеңіл атлетикада Ольга Рыпакова жоғары биіктерден көрінген жетістіктерін сақтап қалғанын бөлек атап өткім келеді. Олимпиадада үшінші нәтиже көрсеткен Ольганың «қола» медалі де «алтынға» татиды. Неліктен? Себебі Лондон және Рио Олимпиадалары арасында ол өмірге ұл әкеліп үлгерді, бүгінде бала үшке толды. Оның екі баласы бар және ол спорттық формасын және спорттық жігерін сақтап қалуға қауқарлы болды. Нағыз ерлік! Біріншіден ол -ана! Екіншіден, батыр әйел!» - деді, президент бүгін Астанада жазғы ХХХІ Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсету салтанатты шарасында.

Сонымен қатар елбасы Олимпиадалық жеңіске үлес қосқан әрбір спортшыға, бапкерлер құрамына, спортшылардың туыстарына танытқан ерік-жігерлері үшін алғысын айтты.

Осы ретте Нұрсұлтан Назарбаев шараға қатысушыларға спорттық жетістіктерді еселей түсу тілегін жеткізді.

«Олимпиада чемпионы үнемі жаттығуы керек, себебі келесі Олимпиадаға дейін ешкім де бір орында тұрмайды, яғни баршасы дайындықтарын жалғастырады», - деді президент.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев: Ниязымбетов пен Левитті Олимпиаданың алтын жүлдегері деп санау керек (фото)

Жұма сайын мешітке барып, дұға тілеген орыс әйелдің ұлы ауыр сырқаттан жазылып кетті

Павлодар облысында келіншек 16 жастағы қызын жүкті қылып қойған көңілдесін кешіре салды

Атышулы кәсіпкер әйел Лилия Рахқа қатысты тұтқындау туралы қаулы өзгеріссіз қалды

Шетелдік блогер жымиып күлген қазақ бүлдіршінін әлемдегі ең бақытты бала деп атады (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1233396-nazarbaev-olga-rypakovanynh-qola-m.html