RU

Ақмолада жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен қыз Астанадан табылды

Ақмола облысында жоғалған 22 жастағы қыз Мақпал Жолдыбаева Астана қаласынан табылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады деп жазады ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 17 тамызында Жақсы АІІБ-не Жақсы ауылының тұрғыны 22 жастағы қызы Мақпал Жолдыбаеваның жоғалып кеткені жайлы шағым түсірген болатын. Анасының айтуынша, ол 2016 жылғы 16 тамызда сағат 19.40-та үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

«Полицейлер бойжеткеннің 2010 жылдан бастап білім алған Астана қаласында тұратынын, кейіннен Астанада жұмыс істеуге қалғанын анықтады. 15 тамызда анасы қызын ауылға алып келген. Бір тәуліктен кейін бойжеткен жоғалып кетеді, ол үйінде ұялы телефоны мен жеке басын куәландыратын құжатын да қалдырып кеткен.

Іздеу барысында жедел қызметкерлер Жолдыбаеваның достарынан Мақпал үйден шығарда оған таныс жігіті хабарласқанын айтты, жігіт оны Астанаға шақырған, ол келуге уәде берген.

18 тамызда Мақпал «ВКонтакте» әлеуметтік желісінен достары мен туыстарына Астанада екенін, үйіне қайтқысы келмейтінін айтқан, әрі ол ата-анасына өзі үшін алаңдамауын, Астанада өз бетінше өмір сүргісі келетінін айтып хат қалдырған екен.

Оны іздеуге Ақмола облысы, Астана қаласы және көрші облыстар ІІД жеке құрамдары тартылды.

Нәтижесінде қыз Астана қаласынан табылды, қазіргі кезде анасы оның қасында», -  деп көрсетілген хабарламада.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев: Ниязымбетов пен Левитті Олимпиаданың алтын жүлдегері деп санау керек (фото)

Жұма сайын мешітке барып, дұға тілеген орыс әйелдің ұлы ауыр сырқаттан жазылып кетті

Павлодар облысында келіншек 16 жастағы қызын жүкті қылып қойған көңілдесін кешіре салды

Атышулы кәсіпкер әйел Лилия Рахқа қатысты тұтқындау туралы қаулы өзгеріссіз қалды

Шетелдік блогер жымиып күлген қазақ бүлдіршінін әлемдегі ең бақытты бала деп атады (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1233612-ata-anasynan-ozin-mazalamaudy-otinge.html