RU

27 тамызға арналған жұлдыз-жорамал

27 тамызға арналған жұлдыз-жорамалды anabol.kz сайты назарларыңызға ұсынады.

Тоқты

Біріншіден көңіліңізді түсірмеңіз. Екіншіден өзіңізге жаныңызға жақын іспен айналысыңыз. Үшіншіден, сізді кез-келген жағдайда қолдайтын, көмектесетін адам іздеңіз. Бəрі жақсы болды.

Торпақ

Бүгін сіз ұшып, қонып жүріп біраз жұмыстарыңызды бітіріп алуыңыз мүмкін. Алайда, шаршағаннан ішімдік ішкісі келіп, не болмаса танымайтын адамдармен роман құрғысы келетін егіздерден өте сақ болғаныңыз абзал.

Егіздер

Бүгін сіз асықпай жүріп жетістіке жетуіңіз мүмкін. Жан-жақтан келіп түскен ұсыныстарды жіті ойланып, дұрыс шешім қабылдағаныңыз абзал. Жақындарыңызбен ренжісуден сақтаныңыз.

Шаян

Күн басында мазасызданып, сабырыңыз қашады. Ненің қайдан басталып, қайдан аяқталарын білмей дал болуыңыз мүмкін. Алайда уақыт өте бәрі орнына келеді. Сабырмен барлық қиындықты шешкеніңіз абзал.

Арыстан

Бүгін жаңа жобалармен жұмыс істеген өте тиімді болмақ. Нәтижесінде қомақты қаржыға кенелуіңіз мүмкін. Алға қойған мақсатыңызға жету үшін әрекет жасап, алға жылжыңыз. Əр қадамыңызды ойлап басыңыз.

Бикеш

Күніңіз бірқалыпты өтпек. Өзіңіздің ақылыңыз бен біліміңізге сүйеніп бұрыннан шешілмей жүрген мәселелердің басын ашуыңыз мүмкін. Кешіңіз роматинкаға толы болуы мүмкін.

Таразы

Күніңіз жақсы жаңалықтармен басталмақ. Ақшаңызды үнемдеп жұмсаңыз. Алдағы күндері өзіңізге мол қаражат керек болады.

Сарышаян

Бүгінгі күніңіз сіздің істеген әрекетіңізге байланысты дамымақ. Жоспар бойынша жұмыс істеп, уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз. Кешке уақытыңызды өзіңізге арнап, демалғаныңыз жөн.

Мерген

Бүгінгі күн қызығы мен шыжығын өзімен бірге ала келмек. Алайда бәрі өз қолыңызда. Айналаңызда болып жатқан жағдайларды сабырмен қарсы алыңыз. Күннің ортасынан бастап жұмыстарыңыз реттеліп, көңіліңіз жәй табады.

Тауешкі

Үміт артқан адамдарыңыздан көңіліңіз қалуы да мүмкін. Алайда күн ортасында жаңа жұмыстар бастап, жетістікке жетуіңіз мүмкін. Кей қиындықтардың шешімін уақытқа қалдырып, сабыр сақтағаныңыз жөн болмақ.

Суқұйғыш

Суқұйғыштардың ойламай шешкен істерінен үлкен қате кетіруі мүмкін. Алайда, уақыт өтіп бәрі қалпына келгеннен кейін, жіберген қателерді жөндеуге мүмкіндік туады. Жаңа жобалармен жұмыс істеп, біраз жетістіктерге жетесіз. Ең бастысы өзіңіздің күшіңізге сенгеніңіз дұрыс.

Балықтар

Бүгін жұмыста да жеке өміріңізде де тың өзгерістер болып жақсы жаңалықтарға толы болмақ. Алайда сізге не маңызды екенін шешіп алғаныңыз дұрыс. Сөйлескіңіз келмеген адамдармен тіл табысуыңызға тура келеді. Сапарға шығудан аулақ болғаныңыз абзал.

Тағы оқыңыздар:

Тіс ауруын басатын 7 тәсіл

Елеусiнов: «Олимпиадада жеңдiм» деп бокспен қош айтыспаймын

Оралда "ерекше" жандардың үйлену тойы өтті (фото)

Назарбаев Олимпиада чемпиондарын «Барыс» орденімен марапаттады (фото)

Назарбаев: Ольга Рыпакованың «қола» медалі де «алтынға» татиды

Назарбаев: Ниязымбетов пен Левитті Олимпиаданың алтын жүлдегері деп санау керек (фото)

Жұма сайын мешітке барып, дұға тілеген орыс әйелдің ұлы ауыр сырқаттан жазылып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1233797-27-tamyzgha-arnalghan-zhuldyz-zhoramal.html