RU

Павлодарда зорланған жеткіншектің анасы қызы жүкті болып қалмайынша сөзіне мән бермеген

Павлодарда кәмелет жасына толмаған өгей қызын зорлаған әке сотталды. 43 жастағы азғын ендігі 11 жылын темір тордың ар жағында өткізуі тиіс деп хабарлайды КТК арнасы.

Ер адам он бес жасар қызды алғаш рет былтырғы жылдың қарашасында зорлаған. Сыртта біреудің малын баққан ер адам кейін қыздың қол-аяғын байлап, мұнысын тағы бірнеше рет қайталаған екен. Әбден қиналған жеткіншек кейін бәрін шешесіне жайып салған.

Бірақ, анасы бұған еш мән бермепті. Ақыры түсік тастаған қызын ауруханадан тапқан әйел азаматтық некедегі күйеуінің айуандығына көз жеткізген. Ал бүгін жұбайын еш айыптамайтынын мәлімдеген әйел соттан оның жазасын жеңілдетуді өтінді.

Бірақ бұл арызы қанағаттандырылмады. Сот 43 жастағы Арман Рахметовті 11 жылға қатаң тәртіптегі колонияға қамау жазасына кесті. Бұған қоса, ол енді 300 мың теңге көлеміндегі сот шығынын өтеуге де міндетті.

Тағы оқыңыздар:

Тіс ауруын басатын 7 тәсіл

Елеусiнов: «Олимпиадада жеңдiм» деп бокспен қош айтыспаймын

Оралда "ерекше" жандардың үйлену тойы өтті (фото)

Назарбаев Олимпиада чемпиондарын «Барыс» орденімен марапаттады (фото)

Назарбаев: Ольга Рыпакованың «қола» медалі де «алтынға» татиды

Назарбаев: Ниязымбетов пен Левитті Олимпиаданың алтын жүлдегері деп санау керек (фото)

Жұма сайын мешітке барып, дұға тілеген орыс әйелдің ұлы ауыр сырқаттан жазылып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1233802-pavlodarda-zorlanghan-zhetkinshektinh.html