RU

Зорлықтан зардап шеккен ақтаулық алты жасар қыз Астанаға жеткізілді

27 тамыз күні таңғы сағат 05:20-да Санитарлық авиация республикалық орталығының мобильдік бригадасы зорлықтан зардап шеккен ақтаулық алты жасар қызды Астанаға әкелді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына жатқызылды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда зардап шеккен қыз барлық қажетті мамандандырылған медициналық көмекті стационар жағдайында алуда. Пациенттің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 7 айында санитарлық авиация пациенттерге медициналық көмек көрсету мақсатында 1086 ұшырылым (оның ішінде республика аумағынан тыс жерлерде) жасады.

Тағы оқыңыздар:

Елеусiнов: «Олимпиадада жеңдiм» деп бокспен қош айтыспаймын

Оралда "ерекше" жандардың үйлену тойы өтті (фото)

Назарбаев Олимпиада чемпиондарын «Барыс» орденімен марапаттады (фото)

Назарбаев: Ольга Рыпакованың «қола» медалі де «алтынға» татиды

Назарбаев: Ниязымбетов пен Левитті Олимпиаданың алтын жүлдегері деп санау керек (фото)

Жұма сайын мешітке барып, дұға тілеген орыс әйелдің ұлы ауыр сырқаттан жазылып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1233961-zorlyqtan-zardap-shekken-aqtaulyq-alt.html