RU

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Осы аптада Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалып, өңірге қарасты екі басқарманың басшылары ауысты. Мұнан бөлек, екі өңірдің Ішкі істер департаментіне жаңа басшылар келді. Өзге өңірлерде де кадрлық-ауыс түйіс жүргізілді.

ҚазАқпарат апта ішіндегі осы және өзге де тағайындауларға шолу жасайды.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары

Сонымен, Қарағанды облысы әкімінің орынбасарлығына «Сарыарқа» ӘКК төрағасы болған 52 жастағы Марғұлан Қайырбеков тағайындалды.

Ол 1964 жылы дүниеге келген. Тау-кен инженері, экономист, менеджер мамандықтары бойынша үш жоғары білімі бар. Қарағанды политехникалық институтын, Бөкетов атындағы ҚМУ, президент жанындағы РМҚА-ны бітірген. Еңбек жолын 1986 жылы шахтада тау-кен шебері болып бастады.

Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда түрлі басшылық қызметтерді атқарды. 2004-2006 жылдары ИСМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Карағанды облысы бойынша басқармасын басқарды. Қазыбек би ауданының әкімі болды. ТМРА Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастығы лауазымын атқарды.

2008-2013 жылдары Қоршаған ортаны қорғау және сыртқы істер министрліктерінің кәсіпорындары мен ұйымдарында басшылық қызметтерде болды. 2014 жылдан «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, 2015 жылдан  осы басқарманың төрағасы болған.

Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы және дін істері басқармаларына жаңа басшы

Қарағанды облысында өңір басшысының өкімімен екі басқармаға - ауыл шаруашылығы және дін істері басқармаларына жаңа басшы тағайындалды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасын 55 жастағы Юржан Бекқожин басқарды, ол бұған дейін Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары болды.

Дін істері басқармасының басшысы болып 43 жастағы Нұрлан Бикенов тағайындалды. Ол бұған дейін облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының  орынбасары қызметін атқарған еді.

Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары

Қызылорда қаласы әкімінің өкіміне сәйкес Молдабаев Марсбек Рүстемұлы қала әкімінің орынбасары қызметіне кірісті.

Марсбек Рүстемұлы, 1963 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1977-1981 жылдары Қызылорда политехникумын техник электрик, 1984-1989 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының Қызылорда филиалын инженер-құрылысшы, 2003-2005 жылдары Қызылорда инженерлік экономикалық институтын қаржы бакалавры мамандықтары бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1989 жылы облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық өндірістік бірлестігі құрылыс бөлімінің технадзоры қызметінен бастаған. 1992-1994 жылдары облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының бас маманы, аға инженері, 1994-2003 жылдары қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы I-ші категориялы маман, бас инженер, бастықтың орынбасары, 2004-2006 жылдары қалалық тұрғын үй коммуналдық жол және көлік шаруашылық бөлімінің бастығы.

2008-2011 жылдары Шиелі кентінің әкімі, 2011-2013 жылдары Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, 2013 жылдан бастап осы кезге дейін қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.

Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің бастығы

Ішкі істер министрінің бұйрығымен Мақсұтхан Әбіләзімов Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Мақсұтхан Әбіләзімов еңбек жолын Маңғыстау облысында ішкі істер органдарында бастап, кейін осы салада  басшылық қызметтер атқарды. 2014 жылдың қыркүйегінен Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің бастығы болды.

Ақтөбе облысының ІІД бастығы

Ал Ақтөбе облысының ІІД бастығының лауазымына полиция полковнигі Махамбет Абисатов тағайындалды.

Махамбет Қайыржанұлы Алматы қаласында дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1983 жылы бастаған. 1987 жылы ІІМ Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған.

Әр жылдары жедел қызметтерде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Соңғы лауазымы - Батыс Қазақстан облысының ІІД бастығы.

Алматы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

Әбіл Донбаев Алматы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Әбіл Бекетұлы 1979 жылы туған. 1995 жылы Мұңайтпасов атындағы Республикалық спорт колледжін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген. 2002 және 2006 жылдары Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Дене шынықтыру және спорт», «Құқықтану» факультеттерін тәмамдады.

Еңбек жолын 1995 жылы Мұңайтпасов атындағы Республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттың бапкер-оқытушысы болып бастады. Әр жылдары Қазақстанның дзюдо федерациясының Алматы қалалық филиалында штаттық команданың жаттықтырушысы, «Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ оқу-спорт бөлінің бас маманы, бастығы, «Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ бастығының орынбасары,  Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.

ІІМ ТЖК «Өрт сөндіруші» АҚ-ның президенті

ІІМ ТЖК «Өрт сөндіруші» АҚ-ның президенті қызметіне Болат Абайділдинов келді.

Абайділдинов Болат Сейітнұрұлы 1964 жылы 15 шілдеде дүниеге келген. КСРО ІІМ Алматы өрт-техникалық училимщесін, ҚР Жоғары өрт-техникалық училищесін бітірген. Талдықорған облысы ІІД ІІБ мемлекеттік өртті қадағалау бөлімінің инженері, Алматы облысы өртке қарсы қызмет гарнизоны өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, Алматы қаласы ӨҚҚ департаменті бастығының орынбасары болды. «Алматы  Құтқару қызметі» МҚКК директоры, «Алматыэлектротранс» ЖШС басқармасының төрағасы болды.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау  Орталығы» МКҚК-ның директоры 

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау  Орталығы» МКҚК-ның директоры  лауазымына  Зәурет  Қабылбекова тағайындалды.

Зәурет Бердіқұлқызы Қабылбекова 1961 жылы 25 тамыз айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында туылған. Білімі жоғары, мамандығы - тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі, тәрбие жұмысы бойынша әдіскер.

Әуезов атындағы ОҚМУ-да оқытушы, доцент, профессор, оқу, тәрбие және ғылым бойынша деканның орынбасары, «Психология және дефектология» кафедрасының меңгерушісі, профессоры болды.

Тағы оқыңыздар:

Мәскеуде 16 адам тірідей өртеніп кетті

Шымкент тұрғыны құдасының мойнына шыққан ісікті көлбақамен қайтарды

АҚШ-қа кетіп қалған алматылық жігіт ондағы жалақы туралы айтып берді

Астанада жас жігіт әйелі тоқтатпақ болғанына қарамастан 15-ші қабаттан секіріп кетті

Зорлықтан зардап шеккен ақтаулық алты жасар қыз Астанаға жеткізілді

Ақмола облысында мектеп оқушысы селфи жасаймын деп көпірден құлап кетті

Демалыс күндері жылы ауа райы сақталады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1234029-qazaqstandaghy-zhanha-kadrlyq-taghayynd-35.html