RU

Елбасының алдында ән айтқан Ділназ Ахмадиеваның киген көйлегі елді шулатты (фото)

Ділнәз Ахмадиеваның елбасының қатысуымен өткен Ұлттық олимпиада құрамасын марапаттау рәсімі кезінде киген көйлегі ел аузына ілікті деп хабарлайды NUR.KZ.

Белгілі әнші Әлішер Кәрімов желі парақшасына олимпиада спортшыларын марапаттау рәсімінен кейінгі суретін жүктеген еді. Суретте Әлішер мерекелік концертте елбасы мен Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының бір топ жеңімпаздары алдында ән салған әншілер Мақпал Исабекова, Ділназ Ахмадиева және Жанар Дұғалованың ортасында тұр.

Бір қарағанда, жай ғана естелік сурет болып көрінетін кадрдан қолданушылар ілік тапты. Желі қолданушылары бұл туралы ойларын ортаға салып, тіпті бір-бірімен дауласып та алды.

«Масқара!», «Ділназ төсқап кимеген бе?», «Ділнәздің көйлегі сондай ма, әлде бұл мен ойлап отырған нәрсе ме?», «Жоқ, бұл сіз ойлағандай емес. Ол көйлектің тігісі ғой, кез-келген денеге жапсарлас көйлекті солай тігеді, жай ғана матасынан қатты білініп тұр», - деп жазды олар.

Еске салсақ, 26 тамыз күні  Астанада президенттің қатысуымен өткен Ұлттық олимпиада құрамасын марапаттау рәсімі болып, рәсім соңы мерекелік концертке ұласқан еді. Концертте отандық эстрада жұлдыздары спортшылардың құрметіне ән салып, би билеген-ді.

Тағы оқыңыздар:

Мәскеуде 16 адам тірідей өртеніп кетті

Шымкент тұрғыны құдасының мойнына шыққан ісікті көлбақамен қайтарды

АҚШ-қа кетіп қалған алматылық жігіт ондағы жалақы туралы айтып берді

Астанада жас жігіт әйелі тоқтатпақ болғанына қарамастан 15-ші қабаттан секіріп кетті

Зорлықтан зардап шеккен ақтаулық алты жасар қыз Астанаға жеткізілді

Ақмола облысында мектеп оқушысы селфи жасаймын деп көпірден құлап кетті

Демалыс күндері жылы ауа райы сақталады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1234041-elbasynynh-aldynda-aytqan-dilnaz-akh.html