RU

Шымкентте күйеуі бес баласымен тастап кеткен әйелдің өмірі бір-ақ күнде өзгерді

Шымкентте үйсіз қалған көпбалалы ананың өмірі бір күнде өзгеріп шыға келді. Жергілікті БАҚ өкілдері арқылы жомарт жандардан көмек сұраған Гүлжахан Байзахованың енді басында баспанасы және уақытша болса да жұмысы бар.

Бұл туралы Отырар арнасына сілтеме жасап Skifnews.kz порталы жазады.

Бес баланы жалғыз асырап отырған Гүлжаһан осыдан бірнеше күн бұрын далада қалған еді. Кенжесі туғанда оны күйеуі де тастап кеткен. Жығылғанға жұдырық дегендей көпбалалы ананың құжаттарын ол жалдап тұратын үйдің иесі алып қойыпты, төленбеген қарызы үшін. Соңғы сәтке дейін ол басқа түскен қиындықтарды жалғыз жеңемін деп үміттенсе керек, бірақ үміті ақталмады. Жағдайы ауырлай түскенде Гүлжаһан билікке емес, молдаға барып көмек сұрапты. Имам болса әйелді жетектеп, телеарнаның кеңсесіне алып келген.

Қазір Гүлжаһан "Отырар" телеарнасының тілшісі Гүлжан Байназарова жалдап берген бір бөлмелі пәтерде тұрып жатыр. Қайырымды жандар азық-түлік пен киім-кешегін әліге дейін тасуда. Жеке есепшотына қаражат жиналып, Гүлжаһан қарыздарын да қайтарған, бұрынғы пәтер иесі құжаттарын қайтарып беріпті.

Заңға сәйкес, көпбалалы анаға мемлекет тарапынан жәрдемақылар берілуі керек екен. Қалалық еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімінің мамандары бұл мәселені бес күнде шешіп беруге уәде беріп отыр. Ал, Ордабасы ауданының білім бөлімі Гүлжаһанның төрт баласын киіндіріп, мектеп құралдарымен жабдықтады.

Жергілікті кәсіпкерлердің бірі жалғыз басты анаға үй салып беруге дайын екенін айтуда. Тек билік өкілдері ол үшін жер бөлсе болды. Гүлжаһанның өзі болса балабақшаға жұмысқа тұрғалы жатыр. Кішкентай қызын да сонда орналастырады.

Гүлжахан Байзаховаға көмектесем деген жандар төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласа алады:

+7-775-393-84-07, +7-771-337-13-97

Халық банкіндегі есеп-шоты: KZ 166016893000001386

Тағы оқыңыздар:

Елімізде саны ең көп ру анықталды

Елбасының алдында ән айтқан Ділназ Ахмадиеваның киген көйлегі елді шулатты (фото)

Мәскеуде 16 адам тірідей өртеніп кетті

Шымкент тұрғыны құдасының мойнына шыққан ісікті көлбақамен қайтарды

АҚШ-қа кетіп қалған алматылық жігіт ондағы жалақы туралы айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1234068-shymkentte-kuyeui-bes-balasymen-tasta.html