RU

Мұхтар Тайжан: Қазақ тілін білмейтіндер биліктен кетсін!

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжанның айтуынша, қазақ тілін білмейтін үкіметтің мүшелері мен парламент депутаттары орындарын өз еркімен босатып, кету керек. Бұл туралы "Қазақ үні" жазады.

"Елдің экономикасын бұлар тонап-бүлдіріп тастады. Енді олар экономиканы түзете алмайды. Мен бұны баяғыда түсіндім. Қандай сауатты маман болса да жүректе ұлттық от жаңып тұрмаса – істің бәрі бос, далбаса. Көкірегінде таза ниет жоқ болса қайтесің?

Сондықтан, 1 қыркүйектен бастап – жаңа саяси маусымда – үкімет пен парламенттың түгел отырыстары мемлекеттік-қазақ тілінде өту керек. Жеркомның отырыстары таза қазақ тілінде өтіп ақыры нәтижесін әкелді. Өйткені қазақ тілі – ол демократия мен әділеттіктің тілі. Қазақша сөйлеп тұрып сол қазақ халқына зиян шешімді қабылдау қиын болады.

Соңғы 10-15 жылдың ішінде елдің демографиясы қағида тұрғысында өзгеріп кетті. Қазақстандықтар қазақ тілді халқына айналып кетті. Сол себеппен қазақ тілін білмейтін үкіметтің мүшелері және сондай парламент депутаттары орындарын өз еркімен босатып кету керек. Жаңа министрлер мен депутаттар президент сияқты қазақ тілінен кәдімгі емтихан тапсырсын. Болды, ондай кез келді.

Әйтеуір, бұл үкімет пен парламент Қазақстанның оккупациялық органдар болмаса бұл мемлекеттің тілінде сөйлесін. Ал сөйлесе алмайтындар кетсін, олардың кезі өтті. Заман өзгерді", - дейді Мұхтар Тайжан.

Тағы оқыңыздар:

Елімізде саны ең көп ру анықталды

Елбасының алдында ән айтқан Ділназ Ахмадиеваның киген көйлегі елді шулатты (фото)

Мәскеуде 16 адам тірідей өртеніп кетті

Шымкент тұрғыны құдасының мойнына шыққан ісікті көлбақамен қайтарды

АҚШ-қа кетіп қалған алматылық жігіт ондағы жалақы туралы айтып берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1234074-mukhtar-tayzhan-qazaq-tilin-bilmeytind.html