RU

Левит жаңа Майк Тайсон шығуы мүмкін боксшылардың қатарына енді

Sports.ru спорт порталы біз Риодан танып-білген болашақ кәсіби ринг жұлдыздарын жариялады. Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат жазады.

Олардың ішінде жаңа Флойд Мейвезер немесе Майк Тайсон шығуы ықтимал боксшылар қатарына Олимпиада-2016 күміс жүлдегері, қазақстандық Василий Левит қосылды.

Василий Левит (Қазақстан)

Салмағы: 91 келіге дейін

Қарсыласы: Денис Лебедев

«Бокстің көптеген әуесқойларын Олимпиада чемпиондары емес, одан ұтылған адам қызықтыруы мүмкін. Финалдық жекпе-жек нәтижесі әртүрлі ой салады, десек те алтын медаль иесі Тищенкодан гөрі Василий Левит кәсіби рингтен ойып тұрып орын алары сөзсіз.

Аласалау бойлы (196 сантиметрлік Тищенкоға қаарғанда) батыл шабуылдайтын Левит рингтегі басымдықты өз қолына алып, ресейлікті бұрыштан бұрышқа қуалады. Левит біздің боксшыны өз ықпалына көндірді және белгілі жағдайлармен ғана жеңіске жете алмады.

Бұл атаққа жолды Левит алғашқы ойындарда-ақ бастады, ал жартылай финалда Эрисланди Савонға өзінің басымдығын көрсете білді, содан кейін ол жайында сүйінішпен айтыла бастады», - деп жазды портал.

Тағы оқыңыздар:

Елімізде саны ең көп ру анықталды

Елбасының алдында ән айтқан Ділназ Ахмадиеваның киген көйлегі елді шулатты (фото)

Мұхтар Тайжан: Қазақ тілін білмейтіндер биліктен кетсін!

Шымкентте күйеуі бес баласымен тастап кеткен әйелдің өмірі бір-ақ күнде өзгерді

Шымкент тұрғыны құдасының мойнына шыққан ісікті көлбақамен қайтарды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1234110-levit-zhanha-meyvezer-nemese-tayson-shygh.html