RU

Боқаев пен Аянды қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға созылды

Атыраудағы тергеу абақтысында отырған қоғам белсенділері Талғат Аян мен Макс Боқаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға созылды деп хабарлайды Ақжайық басылымы.

26 тамызда тергеу судьясы Г. Ибрашева Атыраудағы тергеу абақтысында отырған тергеудегі қоғам белсенділері Талғат Аян мен Макс Боқаевтың бұлтартпау шарасы бойынша көшпелі отырысты өткізді.

Естеріңізге салсақ, 5 тамызда облыстық соттың апелляциялық алқасы №2 Атырау қалалық сотының екі айға қамау мерзімін тағы бір айға, яғни, 31 тамызға дейін созу туралы шешімін өзгеріссіз қалдырған еді.

Бұл жолы адвокаттар, (олармен бірге бұрынғысынша қамаудағылардың туыстары мен аздаған қолдау тобы келді) елімізге белгілі адамдар Гүлжан Ерғалиева, Мұхтар Тайжан, Бахытжан Төреғожина, Ерлан Башақов және басқаларының қолы қойылған кепілдік хатымен қаруланып келген.

"Отырыс таңғы сағат 10-да басталды. Түске қарай құқыққорғаушылардан сот бірқатар шағымдар мен өтінішхаттардың, әсіресе созылмалы вирусты гепатитпен ауыратын Макс Боқаевты тексеруден өткізу және медициналық күтім жөніндегі және медициналық бөлімнен оның амбулаториялық картасын сұрату туралы өтінішхаттарды қанағаттандырудан бас тартылғанын білдік", - деп жазады басылым.

Ал кешке жақын екі белсендіні қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға созылғаны белгілі болды.

Тағы оқыңыздар:

Елімізде саны ең көп ру анықталды

Елбасының алдында ән айтқан Ділназ Ахмадиеваның киген көйлегі елді шулатты (фото)

Мұхтар Тайжан: Қазақ тілін білмейтіндер биліктен кетсін!

Шымкентте күйеуі бес баласымен тастап кеткен әйелдің өмірі бір-ақ күнде өзгерді

Шымкент тұрғыны құдасының мойнына шыққан ісікті көлбақамен қайтарды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1234114-boqaev-pen-ayandy-qamauda-ustau-merzim.html