RU

Қазақстаннан кеткен америкалық азамат Шымкентті сағынып жүргенін айтады

Шымкенттегі химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде ұстаздық еткен, бүгінде Гонконгте қызмет істейтін АҚШ азаматы Джефри Колонел Қазақстаннаң алған әсерлерімен бөлісті.

Бұл туралы Замана басылымы жазады.

Джефри Колонелдің айтуынша, Қазақстаннан бірінші үйренгені төзімділік пен сабыр екен.

"Басқа адамдарды білмеймін, бірақ менің Қазақстаннан үйренгенім төзімділік болды. Мұндағы өмірім қандай болатынын мен алдын-ала болжай алмадым. Мен ойламаған, тіпті күтпеген нәрселер де болып жатты. Сол арқылы мен тосын жайларды қабылдауды және сабырлы болуды үйрендім. Бұл менің экспериментім болды. Жалпы, бұрын болмаған, мүлдем білмейтін жерде тұру кез-келген адам үшін керемет эксперимент, оның қай жерден келгені немесе қай жерде тұрып жатқандығы маңызды емес.

Қазақстандағы маған ұнамағаны – адамдар бір-біріне сенбейді екен. Мен бұл елде бір қиын оқиға өтіп, сол оқиға адамдардың есінде қалып кеткен-ау деп ойладым. Мұнда қолында билігі бар адамдардың заңға бағынбайтын кездері болатынын байқадым. Адамдар арасында сенімнің болмауының бір себебі осында жатуы да мүмкін. Қай істе болмасын адамдардың бір-біріне сенбеуі қиындық туғызады. Кейде қолында билігі бар адамдар өз билігін адал қолдана бермейді. Бұл қарапайым адамдарға мәселе туындатуы мүмкін. Ол жайында әрбір қазақстандық біледі", - дейді ол.

Америкалық бүгінде өзі екі жыл қызмет еткен Шымкентті сағынышпен еске алатынын да айтып қалды.

"Алматыда екі жыл, Шымкентте екі жыл жұмыс істедім. Көптеген адамдармен таныстым, дос болдым. Бәрі жақсы, бірақ жаныма жақын тартқан достарым Шымкентте тұрады. Шымкентті сағынышпен еске аламын. Өзім екі жыл жұмыс жасаған Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебіндегідей оқушыларды мен ешқашан көрген емеспін. Олар соншалықты мейірімді, мәдениетті, ашық, еңбексүйгіш және мен ешқашан ұмытпайтындай керемет еді. Мен осындай оқушылармен жұмыс жасауға мүмкіндік алғаным үшін өзімді жолы болғыш адамдардың қатарына қосамын. Осы оқушылардың әрқайсысы керемет өмірге қол жеткізетініне сенемін.

Қазақтың ұлттық тағамдарын жеп көрдім, өте дәмді. Өзің дайындаған тағам дәмді болатынына көз жеткіздім. Сөйтіп мен сырттан тамақтанғаннан гөрі өзім дайындап ішуді үйрендім", - дейді Джефри Колонел.

Тағы оқыңыздар:

Шымкентте күйеуі бес баласымен тастап кеткен әйелдің өмірі бір-ақ күнде өзгерді

Елімізде саны ең көп ру анықталды

Мұхтар Тайжан: Қазақ тілін білмейтіндер биліктен кетсін!

Шымкентте күйеуі бес баласымен тастап кеткен әйелдің өмірі бір-ақ күнде өзгерді

Шымкент тұрғыны құдасының мойнына шыққан ісікті көлбақамен қайтарды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1234159-qazaqstannan-ketken-amerikalyq-azam.html