RU

МС Сайлаубек жұртты тағы да "алдады"

Жуырда түсініксіз тілде ән салатын танымал рэпер МС Сайлаубектің шаңырақ көтергенін хабарлаған едік. Рэпер қалыңдығын көрсетіп, елден сүйінші сұраған болатын. Алайда бұл бар болғаны рэпердің кезекті қалжыңы болып шықты.

Бұл туралы 31 арнаның «Жұлдыздар жарқырайды» бағдарламасында айтылды деп жазады Stan.kz.

МС Сайлаубектің продюсері Бақытжан Жүнісбеков мұның әзіл әкенін атап өтті: «Ол қызбен жүрмеген Сәке, ол қызды танымайды. Сол күні бірінші рет кездескен болатын», – деп атап өтті.

Ал рэпердің өзі роликке түскен Қымбат есімді аруды қатты ұнатып қалғанын айтты.

«Ойыннан от шығады» деп айтады ғой. От шығайын деп тұр алаулап. Алматыда да бір қыз бар еді. Сол екеуі соқтығысып қалмаса болар еді», – деп қалжыңға айналдырды МС Сайлаубек.

Продюсерінің айтуынша, рэперге хабарласып, көңіл жарастыруға ұсыныс жасайтын нәзік жандылардың қатары күн санап артып келеді екен.

Еске сала кетсек, осыған дейін рэпердің продюсері МС Сайлаубекке "қарулы шабуыл" жасалғанын айтып, жұртты бір дүрліктірген еді.

Айтпақшы, қазақстандық рэпер жуырда Қытай стадионында 10 мың көрерменнің алдында ән айтқан.

Тағы оқыңыздар:

Шымкентте күйеуі бес баласымен тастап кеткен әйелдің өмірі бір-ақ күнде өзгерді

Елімізде саны ең көп ру анықталды

Мұхтар Тайжан: Қазақ тілін білмейтіндер биліктен кетсін!

Шымкентте күйеуі бес баласымен тастап кеткен әйелдің өмірі бір-ақ күнде өзгерді

Шымкент тұрғыны құдасының мойнына шыққан ісікті көлбақамен қайтарды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1234206-ms-saylaubek-zhurtty-taghy-da-shulatty.html