RU

Әккі тышқан Air France рейсін екі тәулікке кідіртті

Малидың астанасы Бамакодан Парижға ұшып шығатын Air France авиакомпаниясының рейсі кеміргіштің кесірінен 48  сағатқа кешікті. Бұл туралы Би-би-сиге сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Тышқан ұшқыштардың кабинасына кіріп кеткен. Тышқанды ұстағанша рейс кейінге қалдырылды, өйткені оны ұстауға біраз уақыт кетті және экипаждың демалуы қажет болды.

Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес ұшқыштарға белгілі бір лимиттен артық жұмыс жасауға болмайды.

Ұшақтар да бортында кеміргіштер болса ұшуға болмайды, өйткені олар электр сымдарын және басқа да сымдарды істен шығаруы мүмкін.

Рейс жолаушылары жергілікті қонақүйлерге орналастырылды және олар кешіктірілгені үшін өтемақы алады.

Ұшу 48 сағатқа кейінге қалдырылды, өйткені, біріншіден, тышқан ұшақтың маңызды сымын тістеп, істен шығаруы мүмкін, екіншіден, Air France-те Бамакода ұшыруды келесі күні қамтамасыз ететін жетклікті қызметкерлері болмады.

Air France өкілі Кристоф Помье жолаушыларға жаны ашитынын білдірді, алайда олардың қауіпсіздігі компанияның негізгі басымдығы екенін айтты.

Рейс Парижге жексенбі күні кеште ұшып шықты. Ал ұсталған тышқанның тағдыры белгісіз.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстаннан кеткен америкалық азамат Шымкентті сағынып жүргенін айтады

Шымкентте күйеуі бес баласымен тастап кеткен әйелдің өмірі бір-ақ күнде өзгерді

Мұхтар Тайжан: Қазақ тілін білмейтіндер биліктен кетсін!

Жазира Жаппарқұл Олимпиада жүлдесі үшін алған қаржысын түгел сіңілісінің еміне жұмсамақ

Шымкент тұрғыны құдасының мойнына шыққан ісікті көлбақамен қайтарды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1234465-tyshqan-air-france-reysin-eki-taulikke-kidirtt.html