RU

Баян Есентаева Алматы әкімдігіне үндеу тастады (видео)

Белгілі продюсер баян Есентаева Алматы қаласы басшылығына үндеу жолдады деп хабарлайды NUR.KZ.

Танымал қазақстандық продюсер Баян Есентаева Instagram желісіндегі парақшасына видеоүндеу жүктеді. Онда актриса Алматы әкімдігінің басшылығын электр энергиясын үнемдеу мәселелесіне баса назар аударуды сұраған.

Видеода продюсер көлігімен Достық көшесімен төмен түсіп келе жатып, күндіз электр шамдары жанып тұрғанын байқап, оны видеоға түсіріп алған.

"Ленин даңғылымен (ред. - қазіргі Достық) Шымбұлақ жақтан түсіп келе жатырмын. Байқасам, электр шамдары әлі жанып тұр. Қала басшыларының назарын осыған баса аударғым келіп отыр. Қаланың орталық көшелерінің бірінде электр энергиясына жауап беретін адамдар оны үнемдемей отыр", - деді продюсер.

Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың 10 маусымында қазақстандық продюсер Баян Есентаеваны күйеуі Бақытбек Есентаев ауыр соққыға жығып, ол Талғар аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан еді. Бұдан соң, оның күйеуі Бақытбектің тұтқынға алынғаны белгілі болған.

Ал тамыздың 3 күні  оның абақтыда отыру мерзімі тағы бір айға ұзартылған болатын. Баян 20 маусым күні ауруханадан шығарылып, кейіннен оның шетелдің сауықтыру орталығында жатқаны белгілі болған. Кейіннен оның соққыға жығылғаннан кейін салған алғашқы суреті жарияланып, қалың жұртшылықтың қуанышы қойнына сыймаған еді.

Бүгінде продюсердің суреттері желіде жиі жарияланып жүргенімен, ол өзінің бет-жүзін көрсетпей түсіп жүр. Таяу күндері оның елге оралғаны белгілі болған. Оның суреттеріне әншінің денсаулығы қалпына келе жатқанын байқауға болады.

Тағы оқыңыздар:

Шымкентте күйеуі бес баласымен тастап кеткен әйелдің өмірі бір-ақ күнде өзгерді

Елімізде саны ең көп ру анықталды

Мұхтар Тайжан: Қазақ тілін білмейтіндер биліктен кетсін!

Шымкентте күйеуі бес баласымен тастап кеткен әйелдің өмірі бір-ақ күнде өзгерді

Шымкент тұрғыны құдасының мойнына шыққан ісікті көлбақамен қайтарды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1234476-bayan-esentaeva-almaty-akimdigine-und.html