RU

Қазақ қыздарына сауал тастаған танымал актриса сынның астында қалды

Қазақ қыздарының суға түскенде қандай киім киетінін анықтамақ болған танымал актриса сынның астында қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Отандық актриса Жәния Джуринская қазақ қыздарының суға түскенде қандай киім киетінін білгісі келген. Ол өзінің желідегі парақшасына суретін жүктеп, астына «Қазақтың қыздары жазда суға қандай киім киіп түсетіні маған қызық болып тұр», - деп жазады.

Оның бұл жазбасына көптеген қолданушылар пікір білдіріп, өзара дауласып кеткен. Актрисаның бұл қызығушылығы кей желі қолданушыларының ашуына тисе, кейбірі суға ашық-шашық шомылу киімін киетіндерді сынап тастайтындарды мазақ етті.

«Жалаңаш суреттеріңді xалықтың алдына жария ете берме. Сен денеңді сақта күнәдан, біз көзімізді сақтайық. 5-10 жылдықта ұят болады осы суреттерің үшін», «Жалаңаш түскенің өзіңе жақсы болса, жүре бер. Шомылу киімін кисең де, басқа кисең де, оны фотоға түсіріп, бар адамға жар салудың қажеті жоқ», «Кім қалай түссе де, суға да, фотоға да, бәрібір олардікі білінбейді. Бірақ, сол халықтың алдында жүрген өнер адамдары - сіздердікі өте ерсі көрінеді. Көп кісілер өнеге қылып сіздерді балаларына айтуы хақ. Содан болар көбіне мұндай фотоларыңыз ұнамай жатады», «Ал сіз қазақтың қызы емессіз бе?», - деп жазды қолданушылар.

Ал екінші тарап бұл пікірлерге қарсы шығып, оларды әжуалап тастады.

«Ұят болады деп олар мүлдем суға түспейтін шығар немесе көрпеге оранып отырады. Ал әдемі, сымбатты қазақтың қыздары суға шомылатын киім киеді. Себебі олар мүсіндері мінсіз болғандықтан, ұялмай соны көрсете алады», «Қазақтың қыздары жазда мүлдем үйден шықпай отырсыншы. Әйтпесе сөз тиеді немесе көз тиіп қалуы мүмкін. Иығыңды, қолыңды, аяғыңды көрсетуге болмайды, тіпті құлақтарыңды да ашуға болмайды, себебі ұят! Негізі суға түнде және қара қап киіп түскен абзал немесе сүңгуірлер киетін қап-қара киім киіп алуы керек. Ал егер «қарапайым қазақтың қара домалақ баласы» болмасаңыз, онда ешнәрседен қымсынбай-ақ суға киетін киім киіп түсе берсеңіз болады. Елдің аузына қақпақ бола алмайсыз», - деді олар.

Естеріңізге салсақ, қазір актриса украиналық режиссерлер түсіріп жатқан «Құтқарушылар» ("Спасатели") деп аталатын хикаяда басты рөлдердің бірін сомдауда. Түсірілім жұмыстары жағажайда болып жатыр. Жәнияның басты міндеті – жағажайдағы демалушылардың қауіпсіздігіне жауап беру.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстандықтар Құрбан-айтта үш күн бойы демалады

Алматыда 20 жастағы британдық саяхатшыны аяусыз соққыға жығып, тонап кетті

Каримовтің қатты сырқат екені хабарланды

Исекешев балаларды қамауға қатысты полицейлерге қатаң ескерту жасады

Қазақстаннан кеткен америкалық азамат Шымкентті сағынып жүргенін айтады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1234553-qazaq-qyzdaryna-saual-tastaghan-tanym.html