RU

Ақтөбеде теміржолдан өтпек болған бала мерт болды

Ақтөбе станциясындағы ішкі істер желілік басқармасы қызметкерлері теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған тұрғындарды тоқтатып, 6363 теңге айппұл салып жатыр деп хабарлайды aktobenews.kz.

Өйткені, соңғы алты айда теміржолда бірі адам өлімімен, екіншісі күрделі жарақат алумен аяқталған екі оқиға тіркелген.

"Жасөспірімдердің рұқсат етілмеген жерлерден пойыз жолын кесіп өтетіні үлкен мәселе болып тұр. Өткен жылы жасөспірімдер зардап шеккен үш оқиға тіркелді. Екеуі жарақаттанды, ал бір бала көз жұмды. Екі ересек адам осы темір жолдан өтемін деп жарақаттанып, опық жеді", - дейді Ақтөбе станциясындағы ІІЖБ кәмелеттік жасқа толмаған балалармен жұмыс тобының аға инспекторы Айгүл Ержанова.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстандықтар Құрбан-айтта үш күн бойы демалады

Алматыда 20 жастағы британдық саяхатшыны аяусыз соққыға жығып, тонап кетті

Каримовтің қатты сырқат екені хабарланды

Исекешев балаларды қамауға қатысты полицейлерге қатаң ескерту жасады

Қазақстаннан кеткен америкалық азамат Шымкентті сағынып жүргенін айтады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1234597-aqtobede-temirzholdan-otpek-bolghan-ba.html