RU

Баян Есентаева: Мен өз қалпыма келіп қалдым, жуырда кездесеміз (видео)

Белгілі продюсер Баян Есентаева жақында өз жұмысына қайта кірісуі мүмкін деп хабарлайды NUR.KZ.

Продюсер оқырмандарына қалпына келіп қалғанын және жуық арада елімен қайта қауышатынын айтып қуантып тастады. Сонымен бірге, ол өмірдегі ең қиын нәрсенің не екенін де айтып берді.

Актриса желідегі парақшасына Медеу баспалдақтарымен көтеріліп бара жатқандағы кезекті видеосын жүктеп, оған: «Ең қиыны – өзіңмен жұмыс жасау. 1000 баспалдақ, Шымбұлаққа дейін жаяу жүріп бару, табиғатпен тілдесу, мен өз қалпыма келіп қалдым. Жуырда кездесеміз», - деп жазып қойды.

Желі қолданушылары продюсердің бұл жақсы жаңалығына қуаныштарын жасырмай, оған халық алдына тезірек қайта оралуына тілектестік білдірді.

Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың 10 маусымында қазақстандық продюсер Баян Есентаеваны күйеуі Бақытбек Есентаев ауыр соққыға жығып, ол Талғар аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан еді. Бұдан соң, оның күйеуі Бақытбектің тұтқынға алынғаны белгілі болған.

Ал тамыздың 3 күні оның абақтыда отыру мерзімі тағы бір айға ұзартылған болатын. Баян 20 маусым күні ауруханадан шығарылып, кейіннен оның Германияда сауықтыру орталығында жатқаны белгілі болған. Кейіннен оның соққыға жығылғаннан кейін салған алғашқы суреті жарияланып, қалың жұртшылықтың қуанышы қойнына сыймаған еді.

Бүгінде продюсердің суреттері желіде жиі жарияланып жүргенімен, ол өзінің бет-жүзін көрсетпей түсіп жүр. Таяу күндері оның елге оралғаны белгілі болған. Оның суреттеріне әншінің денсаулығы қалпына келе жатқанын байқауға болады.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстандықтар Құрбан-айтта үш күн бойы демалады

Алматыда 20 жастағы британдық саяхатшыны аяусыз соққыға жығып, тонап кетті

Каримовтің қатты сырқат екені хабарланды

Исекешев балаларды қамауға қатысты полицейлерге қатаң ескерту жасады

Қазақстаннан кеткен америкалық азамат Шымкентті сағынып жүргенін айтады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1234601-bayan-esentaeva-1000-baspaldaqpen-koteril.html