RU

Ақтөбеде елуден асқандар екі қолға бір күрек таппай сабылып жүр (фото)

Елуді еңсерген, алпысты алқымдаған азаматтар үшін Ақтөбеде жұмыс жоқ. Олардың еңбекке қабілетті бола тұра жұмыс таппауы - қазір қоғамды алаңдатып отырған мәселе деп жазады aktobenews.kz.

Екі қолға бір күрек іздеп жұмыссыздар жәрмекесіне келген ақтөбеліктер дабыл қақты. Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта ұйымдастырылған бос жұмыс орныдарының жәрмеңкесіне үмітін арқалап келген ақтөбелік Асқар Әлиев жұмыс таппай жүргеніне көп болғанын айтады.

"Жасым елуден кетті. Жұмыссыз жүргеніме көп болды. Сегізінші рет өтіп жатқан осы жәрмеңкені аңдып жүріп қатысамын. Бірақ, әлі күнге өзіме лайықты жұмыс таппадым. Тапсам, менің жасыма қарап, алмайды", - дейді ол.

Асқар Әлиев сияқты жұмыс іздеген Жұмабай Бақыттың жасы алпысқа келген. Ол да жұмыссыздықтан шаршағанын айтып, мұңын шақты.

"Жақсы маған алпысқа келді деп, жұмыс берілмесін. Ал үйде тепсе темір үзетін ұлым бар. Институт бітірді. Оған да жұмыс жоқ", - дейді қала тұрғыны.

Тағы оқыңыздар:

Ерлі-зайыптылар дауы: Отбасының ортақ табысын кімнің ұстағаны дұрыс?

Қазақстандықтар Құрбан-айтта үш күн бойы демалады

Алматыда 20 жастағы британдық саяхатшыны аяусыз соққыға жығып, тонап кетті

Каримовтің қатты сырқат екені хабарланды

Исекешев балаларды қамауға қатысты полицейлерге қатаң ескерту жасады

Қазақстаннан кеткен америкалық азамат Шымкентті сағынып жүргенін айтады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1234696-aqtobelik-egde-zhastaghylar-eki-qolgha-b.html