RU

Әли Оқапов қызбен танысуда жасқаншақ мінезінен арыла алмай жүр

Белгілі әнші Әли Оқапов қыздармен танысуға келгенде тосылып, жүрексіне қалатынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші өз парақшасына салған жазбасында кейде жасы 25-ке келсе де, өзін 15 жасар бозбаладай сезініп кететінін сөз еткен. Оның айтуынша, ол бейтаныс қызбен ұшырасып қалған кезде оған жақындаудан жасқанады.

"Мен 25 жастамын, жұмысым бар, ақымақпын деп айта алмаймын. Бірақ кейде тісінде брекет, жеңіл салмақты, бір ғана досым бар кезіме, 15 жасар бозбала Әлиге айналып кететінім бар. Мұндай сезімді, әсіресе, анамның жанында немесе мектептегі ұстаздарыммен келе жатып, бейтаныс қызды ұнатып қалғанда кешемін. Осы мен қаша жөнелгенді қашан қояды екенмін?", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары адамдардың 99%-ы осындай күй кешетінін жеткізіп, Әлиді жұбатып қойды. Сонымен бірге олар, Әлидің ашықтығы үшін сыйлайтындықтарын жеткізді.

Тағы оқыңыздар:

Ерлі-зайыптылар дауы: Отбасының ортақ табысын кімнің ұстағаны дұрыс?

Қазақстандықтар Құрбан-айтта үш күн бойы демалады

Алматыда 20 жастағы британдық саяхатшыны аяусыз соққыға жығып, тонап кетті

Каримовтің қатты сырқат екені хабарланды

Исекешев балаларды қамауға қатысты полицейлерге қатаң ескерту жасады

Қазақстаннан кеткен америкалық азамат Шымкентті сағынып жүргенін айтады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1234789-ali-oqapov-qyzben-tanysuda-zhasqanshaq.html