RU

Мексикада бойжеткен 17 жастағы ғашығын сүйемін деп өлтіріп алды

Мексикада 17 жастағы Хулио Масиас Гонсалес ғашығы мойнынан құшырлана сүйгеннен кейін қаза болды. Бұл туралы Mignews.com сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Жас жігіт отбасымен кешкі ас ішіп отырғанда, денесі кенеттен дірілдеп, құлап түседі. Оның туыстары жедел жәрдем шақыртқанымен, жігіт көмек жеткенше қаза болған.

Дәрігерлер жігіттің мойнынан көгерген іздерді байқап, жігіттің қазасына соның себеп болғанын анықтады. Белгілі болғандай, жігітті бойжеткеннің құшырлана сүйгені оның мойнына қан ұйып қалуға дейін жеткізген.

Жігіттің мойнында ұйыған қан уақыт өте келе миына дейін барып, ол инсульт алған. Бұл жайттан кейін бойжеткен ұшты-күйлі жоқ болып кетті.

Тағы оқыңыздар:

Ерлі-зайыптылар дауы: Отбасының ортақ табысын кімнің ұстағаны дұрыс?

Қазақстандықтар Құрбан-айтта үш күн бойы демалады

Алматыда 20 жастағы британдық саяхатшыны аяусыз соққыға жығып, тонап кетті

Каримовтің қатты сырқат екені хабарланды

Исекешев балаларды қамауға қатысты полицейлерге қатаң ескерту жасады

Қазақстаннан кеткен америкалық азамат Шымкентті сағынып жүргенін айтады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1234791-meksikada-boyzhetken-17-zhastaghy-suyikti.html