RU

Алматы облысында итін көліктің үстіне байлап қойған азамат жұрттың ашуына тиді

Алматы облысында итінің өміріне қауіп төндіріп, оны көлік үстіне отырғызып қойған жүргізуші жұрттың ашуын келтірді.

ZTB.KZ желі парақшасында жария етілген видеода итті қожайыны көліктің үстіне отырғызып қойғаны байқалады. Байлаулы тұрған ит қозғалып жатқан көліктен құлап кетуі әбден мүмкін екендігі қожайынын алаңдаттырмайтын секілді. Видеода бұл жайт Талдықорғанда болғаны айтылады.

Желі қолданушылары "адамның ең жақын досына" салқынқандық танытқан көлік иесін сынға алды.

"Байлаулы тұрған ит аяқ асты құлап кетсе, сау тамтығы қалмасы анық", - деп жазған пікір қалдырушылардың бірі.

Тағы оқыңыздар:

Ерлі-зайыптылар дауы: Отбасының ортақ табысын кімнің ұстағаны дұрыс?

Қазақстандықтар Құрбан-айтта үш күн бойы демалады

Алматыда 20 жастағы британдық саяхатшыны аяусыз соққыға жығып, тонап кетті

Каримовтің қатты сырқат екені хабарланды

Исекешев балаларды қамауға қатысты полицейлерге қатаң ескерту жасады

Қазақстаннан кеткен америкалық азамат Шымкентті сағынып жүргенін айтады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1235052-almaty-oblysynda-itininh-omirine-qaui.html