RU

Назарбаев әлемнің жойылуына әкеліп соғатын қауіп туралы айтты

Атомды әскери мақсатта пайдалану адамзат тарихындағы ең қауіпті қателік болды. Бұл туралы бүгін «Ядролық қарусыз әлем құру» атты халықаралық конференцияда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атом энергиясының ашылуы ХХІ ғасырдағы ғылымның үздік жетістігі болды. Бірақ, оның әскери мақсаттарға пайдаланылуы адамзат тарихындағы ең ұлы әрі қауіпті қателік еді. Ядролық дәуірдің елең-алаңында ғалымдар, тіпті оны, жалпы ядролық энергияны жасауға қатысушылар да, әскери стратегтер мен саясаткерлер соғыста атом қаруын пайдалану арқылы жеңіске жету елес екендігін дәлелдеп берді», - деді президент.

Осы ретте мемлекет басшысы ядролық қаруды тек бір мемлекет қана ие болса, онда ол соның арқасында өз қауіпсіздігін қорғайтындығын айта алатындығын атап өтті.

«Ал көптеген елдерден дәл сондай қарымда жауап болатын болса, онда бұл шын мәнінде ақылсыздық. Мұндай соғыста барлығы да жеңіледі. Жеңілістің құны әлемнің жойылуына әкеледі», - деді елбасы.

Сонымен қатар президент ядролық қару террористер қолына түспеуі үшін әлем елдері ядролық қаруды таратпау процесіне жаппай қатысуы керектігін де атап өтті.

«ХХІ ғасырда адамзат үшін Жер шарындағы жинақталған Ядролық қарудың саны ғана емес, оның болуының өзі жаһандық қауіпсіздіктің асқынған сын қатері болып табылады. Оның халықаралық террористердің қолына түсу ықтималдығы одан да қауіптірек. Бұл барлық әлем елдерінің ядролық қаруды таратпау процесіне жаппай қатысуы үшін маңызды дәлел. Ядролық қаруды таратпау ісінің табысты болуы  немесе оның сәтсіздігі әлемдік қоғамдастықтың милитаризм сарқыншақтарын еңсерудегі мүмкіндігімен тікелей байланысты», - деді Назарбаев.

Президент бұл ретте қазіргі күні соғыс блоктарын өткенге қалдыру керектігін атап өтті. Елбасының пікірінше, олардың болуы арандатушылық пен мағынасыздыққа соқтырады.

«Біз екі ядролық алып мемлекет қақтығысқан кезеңде одан шет қалдық. Ал бүгін қайтадан соның алдында тұрғандаймыз. Мен бүкіләлемдік соғысқа қатысты өз көзқарасымды «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде баяндадым. Мен осы арқылы Жер шарын ядролық қатерден жойылу қаупін  азайтуды көздедім», - деді елбасы.

Тағы оқыңыздар:

Ерлі-зайыптылар дауы: Отбасының ортақ табысын кімнің ұстағаны дұрыс?

Қазақстандықтар Құрбан-айтта үш күн бойы демалады

Алматыда 20 жастағы британдық саяхатшыны аяусыз соққыға жығып, тонап кетті

Каримовтің қатты сырқат екені хабарланды

Исекешев балаларды қамауға қатысты полицейлерге қатаң ескерту жасады

Қазақстаннан кеткен америкалық азамат Шымкентті сағынып жүргенін айтады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1235078-nazarbaev-alemge-tonip-turghan-qauip-t.html