RU

Атырауда Самұрық Қазынаға үйленді (фото)

Атырауда есімдері ерекше жұп отбасын құрып, той жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

Күйеу жігіттің есімі Самұрық Ұзақбаев болса, 29 жастағы қалыңдықтың аты-жөні Қазына Төремұратова болып шыққан. Салтанатты той Атырауда 28 тамыз күні болып өтті.

Бұл қызықты жайтты Сыртқы және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры Айдар Махметов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында оқырмандарға хабарлауға асықты.

«Самұрық-Қазына» қорының атынан жас жұбайлар Самұрық пен Қазынаны отбасын құруларымен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Мұндай ерекше есімді жастардың шаңырақ көтеруі күнде бола бермейтін оқиға.

Самұрық пен Қазынаға үлгілі отбасы болуға, ел мақтанышына айналар балалардың ата-анасы атануға тілектеспіз. Самұрық пен Қазынаның ұзақ, бақытты өмір сүретініне кәміл сенеміз», - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыздар:

Ерлі-зайыптылар дауы: Отбасының ортақ табысын кімнің ұстағаны дұрыс?

Қазақстандықтар Құрбан-айтта үш күн бойы демалады

Алматыда 20 жастағы британдық саяхатшыны аяусыз соққыға жығып, тонап кетті

Каримовтің қатты сырқат екені хабарланды

Исекешев балаларды қамауға қатысты полицейлерге қатаң ескерту жасады

Қазақстаннан кеткен америкалық азамат Шымкентті сағынып жүргенін айтады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1235175-qazaqstanda-samuryq-pen-qazyna-otbas.html