RU

ОҚО-да жұмысынан қуылған дәрігерлер қызметіне қайта тағайындалды

Жедел жәрдем көлігімен демалған Сарыағаш дәрігерлері қызметіне қайта тағайындалды деп хабарлайды Отырар арнасы.

Арнайы көлікпен табиғат аясына шыққан дәрігерлерді сот кінәсіз деп тауып отыр. Олар 11 тамыздан бастап қызметтеріне қайта тұрды.

Еске сала кетсек, аталған ауданындағы бір топ дәрігерлер жедел жәрдем көлігімен табиғат аясына барып, демалған еді. Сол жерде суретке түскен.

Нәтижесінде мемлекет мүлкін басқа мақсатқа пайдалануға жол берген деген айыппен екі адам жұмысынан қуылды.

Олар аға фельдшер Әбдіжаппар Досмұханбетов пен гараж меңгерушісі Болат Налыбаев болатын. Қазіргі таңда бұл қызметкерлер соттың шешімімен кінәсіз деп табылып, жұмыстарын қайта жалғастыруда.

ағы оқыңыздар:

Назарбаев әлемнің жойылуына әкеліп соғатын қауіп туралы айтты

Ақтауда зорланған алты жасар қыздың жағдайы өте ауыр

Елімізде не себепті "кәріқыздар" көбейіп жатыр?

ҰҚК төрағасы: Алматы облысында теракт жасауды жоспарлағандар - салафиттер

Қазақстандықтар Құрбан-айтта үш күн бойы демалады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1235333-oqo-da-zhedel-zhardem-koligimen-demalyp.html