RU

Ғалымдар кейінгі толқынның секспен сирек айналысатынын дәлелдеді

Жуырда ғалымдар зерттеу жүргізіп, ол бойынша қазіргі ұрпақ секспен оған дейінгі толқынға қарағанда анағұрлым аз айналысатынын анықтаған.

1960 жылғылар мен 1990 жылдардан кейін дүниеге келген жастарды қатар қойғанда, кейінгілер 18 жасқа дейін жыныстық қатынасқа анағұрлым сирек түседі екен. Нақтырақ айтсақ, олардың көпшілігінің 18 жасқа дейін жыныстық серігі болмаған.

Бұл деректерді салыстырған «Вашингтон пост» газеті осы мәселе бойынша жастардан сұрау салған. Бұл зерттеулер кезінде жастар жыныстық қатынасқа түсу тиімсіз, яғни секспен айналысуға еш себеп жоқ деп жауап берген.

«Кәдімгі кездесуге барғанда аз дегенде екі сағат уақытың кетеді. Ал мен бұл екі сағатымды бұдан гөрі қажетті дүниеге жұмсағаным артық» , - дейді 18-жасар Ноа.

Жұмыс және оқу да секстен айналып өтудің басты себебіне айналып отыр. Олардың еңбек етіп, оқу оқығандары сондай, олар тіпті жыныстық қатынасқа түсу үшін де уақыт таппайтын көрінеді.

«Түрлі шулы басқосулар, кез-келгенмен төсектес болу – менікі емес. Ал басқа кездесулерге көп уақыт пен күш керек. Мен өзімді сақтап жүрмін дей алмаймын. Одан да уақытым жоқ деп айтқан орынды», - дейді 19-жасар Александра.

Статистика  көрсеткендей, жыныстық қатынасқа түсетін жоғары сынып оқушылары қатары жыл санап азайып келеді. Секс енді жасөспірімдерді қызықтырмайтын секілді.

Ал мамандар болса оның себебін жаңа технологиялардан іздейді. Егер бұрын қыз бен жігіт бір-бірін құшақтауға құмартса, қазір олар қолдарынан смартфондарын тастамайды.

Гарвард медициналық мектебінің профессоры, педиатр Норман Спактың айтуынша, адамдар бір-бірімен өткізетін уақытты қысқартқан. Оларға электронды құрылғылар кедергі келтіреді дейді ол.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев әлемнің жойылуына әкеліп соғатын қауіп туралы айтты

Ақтауда зорланған алты жасар қыздың жағдайы өте ауыр

Елімізде не себепті "кәріқыздар" көбейіп жатыр?

ҰҚК төрағасы: Алматы облысында теракт жасауды жоспарлағандар - салафиттер

Қазақстандықтар Құрбан-айтта үш күн бойы демалады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1235341-elektrondy-qurylghylar-sekspen-aynal.html