RU

Британиялық басылым Ресейдің келесі президенті кім болатынын болжады

Қырым прокуроры Наталья Поклонская «Единая Россия» партиясы атынан Ресей мемлекеттік думасына депутаттыққа түскелі отырғанын мәлімдеді.

Бұл туралы Британияның Daily Mirror газеті жазды деп хабарлайды ras.kz.

Мақала авторы бұған қоса, Поклонскаяны «келесі Путин» бола алады және оның 2018 жылы президент сайлауына түсуге толық мүмкіндігі бар деп есептейді.

Бұдан бұрын Forbes атты беделді экономикалық журналдың сараптамасы бойынша, Наталья Поклонская «ең көп үміт күттіруші саясаткерлер» тізіміне кірген болатын.

Қырым прокуроры түбектің тәуелсіздігі идеясын жақтаушылардың бірі ретінде, сондай-ақ украин билігін сынаушы есебінде жақсы танылған еді. Бір жолы ол Украинаның қазіргі билігін «күлден шыққан шайтандар» деп атады.

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев әлемнің жойылуына әкеліп соғатын қауіп туралы айтты

Ақтауда зорланған алты жасар қыздың жағдайы өте ауыр

Елімізде не себепті "кәріқыздар" көбейіп жатыр?

ҰҚК төрағасы: Алматы облысында теракт жасауды жоспарлағандар - салафиттер

Қазақстандықтар Құрбан-айтта үш күн бойы демалады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1235429-britaniyalyq-basylym-reseydinh-kelesi.html