RU

Оралда жолдама үшін таласқан сұлулар бір-бірінің қымбат көйлектерін жыртып тастады

Оралда арулар байқауына қатысқалы жүрген бойжеткендердің арасында айқай-шу шықты деп хабарлайды КТК арнасы.

Әлемдік сән орталығы саналатын – Парижге баруға мүмкіндік беретін жолдаманы жеңіп алуға тырысқандар тіпті бір-бірінің сәнді көйлектерін жыртып тастауға дейін барыпты. Мұндай әңгіме - әлеуметтік желілерде тарап кеткен бейнероликтен кейін белгілі болды. Бірақ сұлулар араларында мұндай жанжалдың болғанын жоққа шығарып отыр.

Жыл сайын өткізілетін «Орал сұлуы» байқауының ақтық сыны жуықта өтпек. Қазір соған дайындық қыздар арасында қызу жіріп жатыр. Бірақ күні кеше әлеуметтік желілерде  бойжеткендер арасында айқай-шудың болғандығын айғақтайтын бейнежазба тарап кетті.

Онда қыздардың бірінің көйлегінің жыртылып, оны өзгеден көріп, шу шығарғанын көруге болады. Ал ұйымдастырушылар мұндай жағдайдың тек биыл емес, бұрыннан бері болып келе жатқанын айтып отыр.

"Ия, мұндай-мұндай бізде де, басқа жерде де болып тұрады ғой. Таң қалатын нәрсе емес. Бірақ, бұл біздің байқауға әсер етпейді, қыздарымыз да бір-бірінсіз жүріп-тұра алмайды", - дейді ұйымдастырушы Нұрия Абдулова.

Шулы бейнероликті түсірген адам да әзірге белгісіз. Бірақ мұны конкурсқа қатысушы қыздардың бірінің жасырын түсіріп, желіге жүктеп жіберуі де әбден мүмкін. Бірақ қыздар өз араларында мұндай жағдайдың болмағанын айтып отыр. Қайта керісінше, олар бір-біріне сыйластық танытады екен.

"Қыздармен үш айдан бері таныспыз. Ана бейнероликтегідей айқай-шу да болған емес. Бірінші күннен-ақ бір-бірімізбен достасып кеттік", - дейді байқауға қатысушы Вероника Бузоверова.

Айта кетейік, байқау қорытындысы бойынша Оралдың бас сұлуы атанған бойжеткен Парижге бармақ. Және мұндай сыйлық қыздарға бұрын-соңды Қазақстанда беріліп көрмепті. Сондықтан, қыздардың шындықты айтпай, жасыруы да түсінікті жайт. Ал, тәж бен жолдаманың иесі осы аптаның аяғында белгілі болмақ.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбе тұрғыны 40 жасында 14-ші баласын дүниеге әкелді

Атырауда Самұрық Қазынаға үйленді (фото)

Ислам Каримовтің кенже қызы әкесіне не болғанын айтып берді

Рионың қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг қазақ еліне қазақ тілінде алғыс айтты

ОҚО-да жұмысынан қуылған дәрігерлер қызметіне қайта тағайындалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1235551-oralda-zholdama-ushin-talasqan-sulular.html