RU

БАҚ Ислам Каримовтың қайтыс болғанын хабарлады

«Фергана.Ру» порталының хабарлауынша, Ташкентте Өзбекстан президенті Ислам Каримов қайтыс болды деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Дереккөздің мәліметінше, мемлекет басшысы жергілікті уақытпен сағат 15-16 шамасында көз жұмған.

Әзірге Өзбекстан билігі ешқандай ресми мәлімдеме таратқан жоқ. Бұған дейін президенттің қызы Лола Каримова әкесінің миына қан құйылып кеткенін айтқан болатын.

Өзбекстан ұлттық қозғалысы оппозициялық ұйымының өкілдері хабарлағандай, 78 жастағы Каримов 26 тамыз күні қатты ауырған. Ол ел спортшыларының Рио олимпиадасындағы жеңісін атап өту рәсімінде есін жоғалтып алыпты. Каримов сол кеште алкогольді ішімдікті көп ішкен көрінеді.

Белгілісі, түнгі 12 шамасында ол президент әкімшілігінің жетекшісі Зелимхан Хайдаровпен сөйлескен. Артынша, есінен айрылып, құлап қалыпты. Президентке сол жерде резиденция дәрігерлері алғашқы медициналық көмекті көрсеткен. Кейін оны ауруханаға алып кеткені белгілі болды.

Тағы оқыңыздар:

Оралда жолдама үшін таласқан сұлулар бір-бірінің қымбат көйлектерін жыртып тастады

Араб шейхы ақтөбелік зергерден 1 мың долларға оюлы білезік сатып алған (фото)

Рионың қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг қазақ еліне қазақ тілінде алғыс айтты

Ислам Каримовтің кенже қызы әкесіне не болғанын айтып берді

Зимбабве президенті Риодан ешбір медаль әкелмеген спортшыларын тұтқындауға бұйрық берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1235601-baq-islam-karimovtynh-qaytys-bolghanyn.html