RU

Сапарбаев сахнадан көрінбей кеткен Нұрлан Өнербаевпен бірге ән салды (фото)

Ақтөбеде алғаш рет «Ән-ғұмыр» ретро фестивалі өтті. Онда әнінің әсем сазы мен өлеңінің сөзі талай жүректерді тебіренткен әндер шырқалды.

Фестиваль Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуовтердің шығармаларына арналды деп хабарлайлы Aktobenews.kz.

"Қаламызда алғаш рет өткізіліп жатқан байқау облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасы аясында ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат — ғұмырлы әндерді жастардың санасына сіңіріп, өнерімізді биіктету", - дейді облыстық мәдениет, құжаттама және мұрағаттар басқармасының басшысы Қанат Айтбаев.

Кеш соңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сахна төріне шығып, Нұрлан Өнербаевпен бірге «Құстар» әнін шырқап, өнер адамдарына Ақтөбе жұртшылығына мерекелік көңіл сыйлағандары үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ, сол күні некелерін қиғызып, саябақта серуендеп жүрген жас жұбайлар облыс әкімін көре сала, бата сұрады. Жас отау иелеріне бақытты ғұмыр тілеген әкім олармен естелік суретке түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1235855-saparbaev-sakhnadan-korinbey-ketken-n.html