RU

Құлсарыдағы қос ғашықтың бір-біріне деген адалдығына ел сүйсінді (фото)

Атырау облысының Құлсары қаласында тұратын қос ғашықтың бір-біріне деген адалдығы дүйім жұртты тәнті етті деп хабарлайды Stan.kz.

Әнел есімді бойжеткен 16 жасында айықпас дертке шалдығып, төсекке таңылған. 7 жыл бойы өмір мен өлімнің арасында жатқан қыздың жанынан сүйіктісі Марлен бір елі ажырамаған.

"Айықпас дертке шалдықты" дегенімен, дәрігерлер науқасқа нақты диагноз қоя алмаған екен. Бір өкпесінен айырылған Әнелдің екінші өпкесі 30 пайызға ғана жұмыс істеп тұр. Арнайы құрылғының көмегімен ғана тыныс алатын қыздың сүйіктісі Марленнің қамқорлығын жұрт ерлікке теңеді. Жеті жыл бойы ғашығының жанынан бір сәтке де алыстап көрмеген жас жігіт күндіз-түні Әнелге демеу болып, үмітінің өшпеуіне көмектесіп келеді. Марлен сүйіктісін салмағы 10 келі тартатын оттегі баллоны үнемі көтеріп жүрген.

Желіде қызу талқыланып, көпшілікке ой салған бұл оқиға "Ғибратты әңгімелер" парақшасында жарияланған.

Ауыр отаны бастан кешірген Әнелдің бүгінде денсаулығы жақсы. «Алдымен Аллаға алғыс айтамын» дейтін бойжеткен ел қатарлы жұмыс істеп, сүйгенімен бақытты ғұмыр кешуді армандайды.

Байлық, мансап, атақ-абырой адами қасиеттерден жоғары тұрған бұл заманда мұндай оқиғаны жиі естімейсің. Халықтың қарапайым құлсарылық жігітке "бәрекелдіден" басқа айтары жоқ.

Бұл оқиға материалдық байлықтан жоғары тұратын адал сезімнің, шынайы махаббаттың бар екендігіне күмәнмен қарайтын жандарға нақты бір дәлел бола түскендей. Желі қолданушылары Марленнің азаматтығына тамсанып, екі жасқа бақыт тілеумен болды.

"Нағыз азамат!!! Алла бұйыртса 10 келі құрылғының орнына 10 келі сəбиді қолдарыңа көтерерсіңдер Ин ша Алла", "Алла шипасын берсін, тезірек отау құруларыңа тілектеспін", "нағыз жігіт", "мұндай азаматтар жоқ шығар", "неткен махаббат", – деп жазды оқырмандар.

Тағы оқыңыздар:

БАҚ Ислам Каримовтың қайтыс болғанын хабарлады

Ресми билік Өзбекстан президентінің қаза болғаны жайлы хабарды жоққа шығарды

Ислам Каримовтің кенже қызы әкесіне не болғанын айтып берді

Қазақстан Конституция күнін атап өтіп жатыр

Оралда жолдама үшін таласқан сұлулар бір-бірінің қымбат көйлектерін жыртып тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1235890-qulsarydaghy-qos-ghashyqtynh-taghdyry-zhur.html