RU

Қазақстан балуандары Бейжің мен Лондон Олимпиадасында алған медальдарынан айырылуы мүмкін

Қазақстан, Әзірбайжан мен Украинаның еркін күрес балуандары допинг-сынаманы қайта тексергеннен кейін 2008 және 2012 жылғы Олимпиада медальдарынан айырылуы мүмкін.

Бұл туралы Sports.kz Flowrestling.org сайтына сілтема жасап хабарлады.

Басылымның жазуынша, әзірге ресми ақпаратқа сәйкес наградаларынан айырылатын тек екі спортшының есемдері белгілі болған. Олар: 2008 жылғы Олимпиада чемпионы Өзбекстан балуаны Тимур Таймазов және 2012 жылғы күміс жүлдегер ресейлік Бесик Кудухов (2013 жылы қаза болған). Допинг пайдаланды деген күдікке ілінген басқа спортшылардың есімдері әзірге жарияланбады.

Еске сала кетесек, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында Қазақстаннан барған Таймураз Тигиев пен Елена Шалыгина күміс жүлде иеленсе, қола медальді Марид Муталимов еншілеген болатын.

Ал 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында Ақжүрек Таңатаров пен Гюзель Манюрова қола медаль алған еді.

Тағы оқыңыздар:

Құлсарыдағы қос ғашықтың бір-біріне деген адалдығына ел сүйсінді (фото)

Рио Олимпидасының қола медалі қазақстандық ауыр атлет Денис Улановқа берілуі мүмкін

Мұхтар Шахановтың өлеңін қазақша жатқа оқыған орыс қызы елді тәнті етті (видео)

БАҚ Ислам Каримовтың қайтыс болғанын хабарлады

Қырғызстан астанасында жойқын жарылыс болды (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1236040-qazaqstan-baluandary-beyzhinh-men-lond.html