RU

7 жасар қыз қоқыс арасынан Олимпиаданың алтын медалін тауып алды

7 жасар Атланта тұрғыны Хло Смит қоқыс арасынан Олимпиаданың алтын медалін тауып алды. Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ол Барселона-92 чемпионы америкалық Джо Джекобиге тиесілі, спортшы маусым айында оны ұрлатып алған екен.

Олимпиадашының пікірінше, белгісіз біреулер оның көлігін бұзып кіріп, ішіндегі біраз заттарды қолды еткен, оның ішінде Олимпиада медалі де бар. Ұрылар іздерін жасыру үшін оны қоқысқа тастап жіберсе керек.

Ал кішкентай Хлоя оны әкесімен қыдырып жүрген кезде қоқыс арасынан көріп қалады. Дүйсенбі күні Джо Джекоби кішкентай қыз оқитын мектепке барып, медальді қайтарып бергені үшін алғысын айтты.

Айта кетейік, спортшы бұл медальді 1992 жылы Барселона олимпиадасында жұптық каноэ есуден алған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбедегі теракт: Шабуылдан көшеде «бас тартқан» діндардың хикаясы

Қазақстан балуандары Бейжің мен Лондон Олимпиадасында алған медальдарынан айырылуы мүмкін

Құлсарыдағы қос ғашықтың бір-біріне деген адалдығына ел сүйсінді (фото)

Рио Олимпидасының қола медалі қазақстандық ауыр атлет Денис Улановқа берілуі мүмкін

Мұхтар Шахановтың өлеңін қазақша жатқа оқыған орыс қызы елді тәнті етті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1236155-7-zhasar-qyz-qoqys-arasynan-olimpiadany.html