RU

Тыңдармандары Иманбаеваға гаухар жүзікті кім сыйлағанын біле алмай дал болды (фото)

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаеваның желіге салған суреті әншінің жеке өміріне деген қолданушылардың қызығушылығын тудырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші Айгүл Иманбаева Instagram желісіндегі парақшасына гаухар тасты жүзік тағып тұрған суретін салып, желі қолданушыларын дүрліктірді. Олар жүзікті сыйлаған адамның кім екенін біле алмай дал болды.

Олардың дені әншіні тұрмысқа шығады деп болжаса, қолданушылар арасында гаухар тасты жүзікті сыйлаған бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықов деп те айтқандар болды. Әншіге бақыт, тезірек тұрмысқа шығуын тілегендер де аз болмады.

"Қуаныштымын. Бағыңыз ашылсын. Егер мен ойлағандай болса... тек оңынан болсын", "Уау, бұл жаңалық қой. Ішіңіз жарылып кетпей ме? Бөліссеңізші екінші сақина иесін көрейік",  "Ұсыныс жасаса ..құтты болсын Айгөлек, бақытты болуға әбден лайықты", "Асылжандай ұлым үшін деп əперген шығар əкесі", - деп жазды олар.

Жүзікті сыйға тартқан жанның кім екенін біле алмаған қолданушылар, әншіден бұл құпиялылықтың сырын сұрады.

Себебі, Айгүл бұған дейін парақшасына ұлы Асылжанның оқуға түсу құрметіне жасаған тойынан видео жүктеген болатын. Бұл видеодан Сәбитті көріп қалған қолданушылар оған әнші, Сәбит Әбдіхалықовтың екінші жары Алтынай Жорабаеваның келмегенін байқап қойды.

Олар тіпті Алтынайдың парақшасына да жазып, одан  тойға келмеуінің себебін сұраған. Аз уақыттан соң Алтынай Жорабаева желіде Асылжанды құттықтап жазба қалдырды.

"Асека, Алла жолыңды оңғарсын! Анаңның ақ үмітін ақтап, арлы, намысты, білімді, атпал азамат болғайсың! Сенің өскеніңе аналық жүрегіммен тілектеспін жаным!", - деп жазды ол.

Мұны оқыған қолданушылар Алтынайды мақтап, алғыстарын жаудырды.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбедегі теракт: Шабуылдан көшеде «бас тартқан» діндардың хикаясы

Қазақстан балуандары Бейжің мен Лондон Олимпиадасында алған медальдарынан айырылуы мүмкін

Құлсарыдағы қос ғашықтың бір-біріне деген адалдығына ел сүйсінді (фото)

Рио Олимпидасының қола медалі қазақстандық ауыр атлет Денис Улановқа берілуі мүмкін

Мұхтар Шахановтың өлеңін қазақша жатқа оқыған орыс қызы елді тәнті етті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1236182-aygul-imanbaevagha-gaukhar-tasty-zhuzik.html