RU

Қазақтарды "қытай гастарбайтерлері" деп атаған ресейлік журналист Қазақстанға келе жатыр

Ресейлік журналист, ақын, киносыншы Дмитрий Быков Қазақстанда дәріс өткізбек деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Facebook желісіндегі Лекторий.kz парақшасында хабарланды.

Ол қыркүйектің 15 күні Алматы қаласына келіп, «Михаил Булгаков "Собачье сердце" дәрісін оқитын болады. Ресейлік журналистің келуі әлеуметтік желі қолданушыларының ашуына тиіп отыр. Себебі, ол өзінің «Квартал» деп аталатын кітабында қазақтарды «қытай гастарбайтерлері» деп атаған. Оның Алматыға келіп, дәріс оқығанына қарсы болғандардың бірі, желі қолданушысы Олжас Бибанов. Ол осыған байланысты желіге жазба қалдырып, өз қарсылығын ашық білдірді.

"Дмитрий Быковқа публицист ретіндегі құрметің оның «Квартал» деп аталатын кітабын оқығаннан кейін жоқ болады (фотоны қараңыз). Қазақтарды сыйламайтынын ашық білдірген ол енді сол елге теңгесі үшін келе жатыр. Быков жақын арада, 15 қыркүйек күні Алматыда дәрісін өткізуді көздеп отыр.

Өзін өзгелерге сыйлата алғысы келген адам өзін өзі сыйлауға тиіс. Сондықтан, ксенофоб автордың біздің елге келуіне орай мынадай екі ұсыныс жасағым келеді:

1) Өзіңді өзің қадірлеп, оның дәрістеріне жол бермеу. Ұйымдастырушылар іс-шараны болдырмауы қажет.

2) Егер іс-шараны болдырмау туралы шарт орындалмаса, онда оның өтуіне басқаша тәсілдермен кедергі келтіруді өзім ұйымдастыратын боламын", - дейді ол.

Айта кету керек, ол бұған дейін де, биылғы жылдың 12 мамырында Қазақстанға келіп дәріс оқып кеткен еді. Оның дәрістерінің құны 1000-нан 20 000 теңгеге дейін тұрады.

Олжас Бибановтың желідегі бұл жазбасын 2 078 адам бөлісіп, Дмитрий Быковтың сөздеріне наразы екендіктерін білдірді.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбедегі теракт: Шабуылдан көшеде «бас тартқан» діндардың хикаясы

Қазақстан балуандары Бейжің мен Лондон Олимпиадасында алған медальдарынан айырылуы мүмкін

Құлсарыдағы қос ғашықтың бір-біріне деген адалдығына ел сүйсінді (фото)

Рио Олимпидасының қола медалі қазақстандық ауыр атлет Денис Улановқа берілуі мүмкін

Мұхтар Шахановтың өлеңін қазақша жатқа оқыған орыс қызы елді тәнті етті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1236196-qazaqtardy-qytay-gastarbayterleri-d.html